Болашақ журналистер арасында ХІ республикалық пән олимпиадасы жалауын көтерді. Наурыздың 15 күні журналистика мамандығы бойынша байқаудың алғашқы кезеңі өтті. Дүбірлі дода республикамыздың 18 аймағынан жиналған 80-ге жуық студенттің басын қосты. Оның ішінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенттері де бар. Бұл жолы республикалық олимпиада Кереку жерінде ұйымдастырылды.
Бірінші кезеңде әр университет өз сюжеттерін көрсетіп, эссе жазған болатын. Бұл кезеңнің бағасын қазылар алқасы бірден шығарды. Ал түстен кейін қала қонақтары Павлодар шаһарының әдемі және тарихи жерлеріне саяхат жасап, мәдени демалыс ұйымдастырылды. Ертеңінде екінші турда студенттер тест тапсырып, «Ертіс-Баян өңірінің тарихы мен келбеті менің әсерімде» атты тақырыпта видеороликтерін көпшілік назарына ұсынды.
«Бұл жарыстың жас журналистерге берері көп. Жеңбеген күннің өзінде қатысып, тәжірибе алмасып, білім қорларын толықтырмақ. Ең бастысы жеңу емес, қатысу екенін ұмытпаған жөн»,- дейді ұйымдастырушылар.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері