Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар мен балалармен «Тату отбасы» бағдарламасы бойынша  кездесу өз мәресіне жетті. Бұл кездесуде ата-аналар балалардың өздерін жақсы ұстаған жағдайда, оларды қалай мақтау керектігін үйренді және балалардың өздерін тәртіпті әрі жақсы ұстау үшін және жақсы қарым-қатынас құрау үшін әртүрлі сыйақылар мен марапаттарды қолдануды үйренді.

Оқушылар стресске әкелетін жағдайларды анықтауға, стресстің белгілерін анықтауға, стресспен күресу жолдарын іздеуге үйренді. Сондай-ақ, ата-аналар да, оқушылар да отбасылық жиындардың құндылықтары мен мәнін түсінуге тырысты. Осындай отырыстар балалардың отбасылық шаруаларға араласып шешім қабылдау кезінде өз үлестерін қосуға әрі жауапкершілікті сезінуге үйретеді. Отбасылық жиындар оның әр қатысушысының еш қорқынышсыз, яғни сынға алынудан қорықпастан, өз ойларын еркін жеткізулеріне ықпал етеді.

 

 

Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қарағанды қаласы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.