Home » Жаңалықтар » Елбасы есімі

Елбасы есімі

Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл-көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты.

Әділеттің ақ жолын ту етіп елінің, егемендігін, ынтымақтықты, тұтастықты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері —  тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев деп үлкен мақтанышпен кез-келген қазақстандық айта алады.

Н.Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептептердің ашылуына келісімін берді.

Сондықтан Елбасы есімі өздеріміздің ұрпағымыз білім алып жатқан Зияткерлік мектебі үшін орны ерекше!

2008 жылдан бері үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені интеграциялай отырып, инновациялық білім беру моделін әзірлеу міндетін алға қойған Елбасы мектептері өз қызметін абыроймен атқаруда.

Бүгінгі таңда бұл білім ордаларындағы сапалы біліммен қатар жедел өзгермелі қоғамымызда қажетті барлық заманауи дағдыларды игерген Әлем азаматтарының жетістіктерін беделді шетелдік жоғары оқу орындары, халықаралық сарапшылар мойындап отыр.

Елбасы есімінің берілуі мектеп қоғамдастығының әрбір мүшесіне үлкен мәртебе болумен қатар үлкен жауапкершілік жүктеді.

Әлем картасынан өз орнын ойып алған Қазақ елі Елбасы есімімен қатар күллі әлемге танымал болып отыр.

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Сұлтан сөзі араб тілінен аударғанда «билік», «құдіреттілік» деген мағынаны білдіреді. Ендеше әлемдік аренада айналасына Нұрын шашып, билік пен құдіреттіліктің символы іспеттес – Ұлы Дала төсінде орналасып, қалалардың Сұлтаны болатын НҰР-СҰЛТАН қаласының бар болғанын біз ғана емес, ұрпағымыз мақтан ететін АМАНАТ деп білейік.

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

Айтпукешев Айдарбек Төлепұлы,
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.