Home » Жаңалықтар » Көңілді семинар

Көңілді семинар

2019 жылдың 19 ақпанында Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледжінде «Білім айнасы» газеті редакциясының ұйымдастыруымен «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты — ұстаздарымызға БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс жасау тәсілдерін меңгерту, шығармашылық жұмыс жасауға әдістемелік көмек көрсету.

Семинар-тренингті аталмыш басылымның журналист-менеджері Бекмаханова Ботакөз Маратқызы жүргізді. Ботакөз Маратқызы ұстаздар қауымының шығармашылық тұрғыдан дамуы үшін редакция тарапынан берілетін мүмкіндіктерді атап көрсетті.

Семинар барысында қатысушылар мақаланың қалай жазылатынын меңгеріп, оның түрлері мен құрылымы жайында көптеген мағлұматтар алды. Баспаға немесе әлеуметтік желіге мақала жариялауда қандай мәселелерге басты назар аударылу керектігі айтылып, талқыланды. Тіпті ұстаздарымыз өздерінің шығармашылық қырларын да осы семинар-тренинг кезінде сынап, аз уақыт ішінде кішігірім мақала жазып та көрді. Ботакөз Маратқызына өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Жалпы алғанда семинар-тренингке қатысу арқылы колледж ұстаздары өздерінің шығармашылық тұрғыдан жетілуі үшін көптеген мағлұматтармен қатар, тың серпілістерге ие болды. Ұстаздарымыздың өздері үшін осындай мүмкіндіктер сыйлаған редакция ұжымы мен осы семинарды әсерлі өткізген жас та болса дарынды, талапты журналист – Ботакөз Маратқызына алғысымыз шексіз!

Жалғасова Орынкүл Асанқызы,
Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледждің
оқу-әдістемелік жұмыстарының меңгерушісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.