Home » Айтарым бар »   50 жасқа толған Салтанат Бақтыбайқызына  арнау

  50 жасқа толған Салтанат Бақтыбайқызына  арнау

 

Бізге қымбат,бірге өткізген әрбір күн,

Жанымызға сыйламасын тағдыр мұң.

Бүгін сенің туған күнің келгенде

Қандай тілек айтсам екен,жан құрбым!

Қандай тілек айтсам екен,ағылып,

Жүрген жансың жұмыс десе жанығып,

Әже атанып, немере сүй тағы да

Үзілмесін кеудеңдегі ақ үміт.

Ұжымыңа сыйың бөлек,Салтанат

Шаттығыңа куә болып,шартарап.

Өмір берген ауыртпалық сынақты

Сен мойымай келе жатсың арқалап.

Өмір саған берсін үлде бүлдесін,

Қуанышқа кенеле бер күнде шын.

Бойыңдағы ынта,жігер,қайратпен

Он сегіз жыл ұжымыңмен біргесің.

Барлық мәні өлшеулі бұл ғұмырдың

Жанұяның бақыты деп ұғындың.

Бауырлармен  бірге жасап ғасырды,

Қызығын көр екі қызбен бір ұлдың.

Саған айтар тілегімнің жоқ түбі,

Биік болсын татулықтың шоқтығы

Ақ ниетті адамдықтың дәлелі

Қаумалаған жақын жанның көптігі.

Сен достықты ешқашанда бұзбадың,

Достық жайлы айтылып жүр ізгі әнің

Бар жақсылық атаулының өзіңе

Шын жүректен тілеп тұрмыз бәріміз.

Битимова Тамара Дюсенбаевна
Жаңаөзен оқушылар шығармашылық
үйінің директорының орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.