Home » Мақалалар » Мейрамханада қонақта

Мейрамханада қонақта

Мухамеджанова Гульмира Муслимовна
Нұрсұлтан қаласы
№72 «Жанарым» МКҚО
балабақшасының тәрбиешісі

Оқу қызметінің мақсаты: Өтілген оқу қызметін еске түсіріп тиянақтау, өтілген дыбыстарды ойын арқылы пысықтау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге және сөз, сөйлем құрауға үйрету. Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, дыбыстық талдау жасауды пысықтау, оқуды көрсету. Есептер шығару, жыл мезгілдерін атап өту.  Үлестірмелі карточкамен жұмыс жасауға үйрету, және қоғамдық ортада өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.

Оқу қызметінің көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, ас мәзірі, ыдыстар, есеп үлгілері, үнтаспа,слайд т.б.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Балалар шеңберге тұрады

Біз әдепті баламыз

Біз қонақта боламыз.

Әдеп сақтап қашанда

Үлгілі бала боламыз.

— Балалар, қараңдаршы бүгін күн әдеттегіден ерекше оқу жылының аяғы болғандықтан, біз мейрамханаға қонаққа келдік.

— Балалар, мейрамхана қонақтарымен амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме, «Аққу» мейрамханасының қонақтары.

Даяшы: сәлеметсіңдер ме балалар! Менің аты-жөнім

Мен өте қуаныштымын. Бүгін сендердің біздің мейрамханаға келгендеріне.

Балалар, сендер қандай балабақшадан келдіңдер?

Бала: біз  «Жанарым» балабақашсынан, мектепалды даярлық тобынан келдік.

Балалар сендерді дастарханға шақырамын.

Балалар орындарына отырып, ас мәзірін қарайды.

I бөлім

1-тапсырма:Бірінші тағамға тапсырыс береді.

Балалар кезекпен оқиды. Даяшы тапсырысты қабылдайды.

1.Кеспе

  1. Сорпа

3.Қырыққабат сорпасы

Тапсырыс келеді. Тағамға қосылған заттарды санау.

Бірінші тағамға қосылған қажетті заттарды санау.

Тура және кері санау.

Сорпамыз өте дәмді болды.

2-тапсырма:

Тәрбиеші: балалар, біздің асымыз сіңгенше, мен сендермен ойлан тап ойынын ойнағым келіп тұр.

Сендердің ойын ойнағыларың келе ме?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші:

— Бір жылда неше мезгіл бар?

— Балалар қазір  жылдың қай мезгілі?

— Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші?

— Бір аптада неше күн бар?

— Бүгін аптаның қай күні?

— Кеше аптаның қай күні болды?

— Ертең аптаның қай күні болады?

Бірінші асымыз бойымызға сіңді, енді тағы даяшыны шақырып, екінші тағамға тапсырыс берейік.

II бөлім

3-тапсырма

2-ші тағамға тапсырыс берейік.

Ас мәзірін кезекпен оқиды.

1.Палау

  1. Кәуәп

3.Нан

4.Салат

5.Қызанақ

6.Қияр.

  1. Сорпа
  2. Бұқтырма
  3. Шырын

10.Тоқаш

Даяршы тапсырысты әкеледі.

«Сандар арқылы сөзді тауып, шешуін жазады.»

1234567891011121314151617181920
ПАЛУСТНКӘШЫРҚЗИЯОБҰМ

 

89491
кәуәп

 

12323
палау

 

727
нан

 

52326
салат
     

 

13111427213
қызанақ
13151612
қияр

Сөздерді жазып дыбыстық талдау жасау.

Тағамдары өте дәмді екен.

Енді келіндер сендерді биге шақырамын.

Балалар, біздің диджей музыкантымыз келмепті ғой. Ол келгенше менің сендерге қоятын сұрақтарым бар.

4-тапсырма

Сауат ашу оқу қызметінде  нені үйренеміз?

Сауат ашу оқу қызметінде әріпті және дыбысты үйренеміз.

— Әріп дегеніміз не?

Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дыбыс екіге бөлінеді.

— Қандай қандай болып бөлінеді?

Дауысты және дауыссыз.

-Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

Дауысты дыбыс қызыл текшемен белгіленеді.

-Дауыссыз дыбыс ше?

Дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Қазақ алфавитінде 42 әріп бар.

-Дауысты дыбыстарды кім атап береді?

А,ә,е,ё,и,о,ө,у,ұ,ү,ы,і,э,ю,я

-Дауыссыз дыбыстарды кім атап береді?

Б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,ь,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ъ,ь,

Жарайсындар, балалар.

Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер мінекей диджейімізде келіп қалыпты. Мейрамханаға келгендіктен қалай билемей кетеміз.Ал балалар бойымызды сергітіп алу үшін сендерді биге шақырамын.

Сергіту сәтті:

Әуен ырғағына қарап билейді.

Балалар орнына отырып, ас мәзірін оқиды, тағы тапсырыс береді.

III бөлім

5-тапсырма

Десертке тапсырыс берейік.

Даяшы шақыру. Тапсырыс алады.

1.Бәліш

2.Торт

Даяшы тапсырысты алып келеді.

Екі үлкен ыдысқа салынған есептер әкеледі.

10-3=7    5+3=8          9-4=5             10-7=3

10-5=5    6+4=10        5=5=10           6+3=9

Әр балаға арналған есептер.

Балалар енді аузымызды салфеткаға сүртейік.

Тәрбиеші: өте қызық менің сүрткіштерімде қызықты сұрақтар бар екен.

Балалар, сендермен мен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсындар ма?

Балалар келіседі.

Ойын:  «Сөз ойла тез ойла».

-Балабақшаға қай мезгілде келеміз?

-Қай сөз артық? Үш, бес, сегіз, семіз.

-Ағаш қай уақытта бүршік атады?

-Жұлдызшада неше бұрыш бар?

-Қай сөз артық? Аке, шеше, көже, әже.

— Күлкі, түлкі, қоян, қасқыр.

-Машинаны кім жүргізеді?

Жарайсыңдар, балалар.

Ғажайып сәт:

Даяшы шырын әкеледі.

Қорытынды: Балалар біздің оқу қызметіміз күндегіден ерекше болды.

Сендерге несімен ұнады?

Балалардың жауаптары.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.