Home » Ашық сабақтар » 5 санын қосу және азайту

5 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Ондықтан аттап қосу мен азайтуды меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

А) 5-ті қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып, орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру;

Б) Дамытушылығы – оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, математика терминдерін пайдаланып сөйлеуін жетілдіру.

В) Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа, жылдам ойлауға, өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта (слайд), ойын тапсырмалары, ертегінің видеосы.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың типі: интеграциялық, ертегі сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Жаңа сабақ.

— Бүгінгі сабағымыз «Бауырсақ» ертегісі желісі бойынша өтеді. Сондықтан ертегі көрейік (Ертегі көрсету).

— Біз бауырсаққа көмектесуіміз қажет: ол үшін бауырсаққа кездескен жануарлардың тапсырмаларын орындауымыз керек.

  1. Апа мен атаның тапсырмасы. АУЫЗША ТАПСЫРМАЛАР:

8+5=         13-5=         5+8=        13-8=

9+5=         14-5=          5+9=         14-9=

  • Қоянның тапсырмасы (Теңдеулерді оқушылар тақтаға жазып, шығарады)

 

Теңдеулерді шеш:

x+5=12       13-x=5       x-5=7

                  

  1. Кірпінің тапсырмасы

Қапта 13 кг қант бар еді. Оның 2 кг жұмсалғаннан кейін, қапқа тағы да 5 кг қант салынды. Қапта енді неше кг қант болды?

Шарты:

Бар еді –13 кг

Жұмсалғаны – 2кг

Салынғаны – 5кг

Енді болды

Шешуі: (13-2)+5=16(кг)

Жауабы: Қапта енді 16кг қант.

  1. Қасқырдың тапсырмасы:

Амалдарды орында:

(11-5)+4=                           10-(11-6)=

10+(31-5)=                         0+(51-5)=

(41-5)+1=                           (21-5)+10=

  • Аюдың тапсырмасы:

 

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

а мен 5 сандарының қосындысы, а=60; 64; 9.

а мен 5 сандарының айырмасы, а=65; 69; 14.

6. Түлкінің тапсырмасы:

Өрнектеп көрсет:

19 см = … дм… см

87 см = … дм… см

1 м = … см

2 дм 4 см = … см

6 дм 1 см = … см

2 м = … дм

Енді бауырсақ жануарлардан аман-есен құтылып, олармен дос болып, сендерге тапсырма беріп тұр:

  1. Бауырсақтың тапсырмасы:

  1. Қосудың компоненттерін ата.
  2. Азайтудың компоненттерін ата.
  3. Бір таңбалы сандарды ата?
  4. Толық ондықтарды ата?
  5. 1 сағатта неше минут бар?
  6. 1 тәулікте неше сағат бар?
  7. 1 ғасырда неше жыл бар?

ІV. Сабақты қорытындылау

  • Бауырсақ ертегісінің мақсаты: Ешкімге жамандық жасама. Жақсылық жасасаң, сол жақсылық өзіңе қайтады деген.

Үйге тапсырма. Жалғастыр.

Калдыбаева Нургуль Аширбаевна

   «М.Маметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Арыс қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.