Home » Ашық сабақтар » 5-ке дейін санау. Анар Кусайдаровна АСКАРОВА

5-ке дейін санау. Анар Кусайдаровна АСКАРОВА

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМҰҚ

Мақсаты: Балаларды 5-ке дейін санауға үйрету.

Міндеттері: 5 санына байланысты тапсырмалар орындау

Білімділік: 5-ке дейін санауға үйрету.

Дамытушылық: Берілген тапсырмаларды дұрыс орныдауға дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекіліктер: Сауатшалар, сандар, суреттер.

Сабақтын барысы:

  • Балалар, барлығымыз шеңберге тұрып, келген апайлармен үш тілде амандасайық.

Балалар амандасады.

—     Маған бір дыбыс естіліп тұр, сендер естідіңдер ме?

—     Жоқ.

—     Қане, жақсылап тыңдап көрейікші. Балалар, бұл кім болды екен?

Балалар: Бұл – Буратино!

  • Салеметсің бе, Буратино? Сен мұнда не істеп жүрсің?

Буратино:

—   Мен сендерге бір хат әкелдім. Көргілерің, оқығыларың келе ме?

Балалар: — Иә.

  • Қараңдаршы, мұнда бірнеше жұмбақ сандар көрсетіліпті. Маған сол сандарды кім дұрыс санап берер екен? Білгім кеп тұрғаны?

Балалар: — Біз.

Ал, санап көріңдерші.

Балалар: 1, 2, 3, 4, 5.

— Рахмет! Өте жақсы!

—   Олай болса, балалар, біз бүгін сабақта «5-ке дейін санауды» үйренеміз.

—   Және бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан да қызықты болады деп ойлаймын. Ол үшін сабақты сайыс түрінде өткіземіз.

—   Келісесіңдер ме, балалар?

—   Иә!

—   Онда, жақсы. Сабаққа модераторлар қатысатын болады. Оларды арамыздан өзіміз сайлайтын боламыз. Мына эмблемалар арқылы екі топқа бөлінеміз: «Тиін» және «Қонжық» топтары.

—   «Тиін» тобынының модераторы – Әділхан, «Қонжық» тобынын модераторы — Әлиақбар болады.

—   Орындалған тапсырмалар үшін әр топқа жұлдызшалар беріледі. Сабақ соңында кімде қанша жұлдызша барын санаймыз. Қай топ көп жұлдызша жинаса, сол жеңімпаз атанады.

1 тапсырма: Сандарды үш тілде санау.

2 тапсырма: Пойыздың вагондары шашылып қалыпты, оларды ретімен қою керек. Әр топтан бір баладан шығады.

1-топтың модераторы — Әділханның жауабы: Бұл тапсырманы біздің топтан Малика орындайды.

2 модератор Әлиақбар: Біздің топтан Аңсар орындап береді.

  • Екі бала тақтаға шығып тапсырманы орындайды, ал біз 5-ке дейін санаймыз кім

Бірінші?

3-тапсырма: Тақтағы суреттерді санмен сәйкестіру.

  • Екі топтан екі бала шығып тапсырманы орындайды.

Модераторлар топтарынан екі баладан шығарады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Солға иілеміз, оңға иілеміз.

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызға отырайық.

4-тапсырма: Жоғалған сандарды орналастыру.

  • Балалар тапсырмаларды орындарында отырып орындайды.
  • 5-ке дейін санаймын қай топ тез аяқтайды.

5-тапсырма: Сауатшаларды қолданып, кеңістікті бағдарлау.

  • Екі топтан екі бала шығады, тапсырманы кім тез орындайды?

Мен 5-ке дейін санаймын кім бірінші аяқтайды?

Пішіндерді және түстерді үш тілде айтамыз.

Қане, жұлдызшаларды санайық.

Бізде бүгін «Тиін» тобында 5 жұлдызша.

Ал «Қонжық» тобында 3 жұлдызша.

Қалай ойласыңдар, балалар, қай топ жеңімпаз?

Балалар: «Тиін» тобы.

—     Балалар, қане, ойын ойнайық ақша ойыны, шеңбер бойымен жүріп, билейміз ән тоқтаған кезде ақшаларды аламыз.

— Бір теңгелікті кім көтерді?

— Бірінші тапсырмада не істедік?

— Екінші тапсырмада не істедік?

Балалар: 1-тапсырма. Үш тілде санадық және вагондарды ретімен қойдық.

— Қане, 2 теңгеліктерді көтереміз.

— 3 және 4-тапсырмада не істедік?

Балалар: Суреттерді санмен сайкестендірдік және жоғалған сандарды тауып, орындарына қойдық.

— Қане, 5 теңгеліктерді көтереміз.

— 5 тапсырмада не істедік, есімізге түсіреміз?

Балалар: Кеңістікті бағдарладық.

Балалар, Буратинаның жеңімпаз атанған топқа арнаған мадақтамасы бар. Түсі қандай екен?

— Қызыл.

Ал, екінші орын алған топқа әкелген Мадақтамасының түсі ше?

— Көк.

— Өте жақсы. Олай болса, қазір бәріміз Буратиномен қоштасайық. Сендер неше тілде сөйлеп білесіңдер?

— Үш тілде.

— Керемет! Онда қоштасуды да үш тілде айтайық, келісесіңдер ме?

— Иә.

— Ал, енді балалар, сендер 5 теңгеге 1 теңгені қосқанда неше болатынын білгілерің келе ме?

— Иә.

— Жақсы. Онда келесі сабағымызда «5 санын 1 санына қосуды» кеңірек үйренетін боламыз.

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.

Анар Кусайдаровна АСКАРОВА,
№6 сәбилер бақшасының тәрбиешісі,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.