Павлодар облысы Лебяжі ауданына қарасты Аққу ауылында тұратын бес жасар Замир Рүстемұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа видео сәлемдеме жолдады. Бүлдіршіннің бейнежазбасы ғаламторда тарады.
Өз үндеуінде Замир Президентпен кездескісі келетінін айтқан. Қазір ол Аққу ауылындағы орта мектептің дайындық сыныбында оқиды. Анасы үй шаруасындағы адам болса, әкесі Рүстем жергілікті жанар-жағармай станциясының басшысы екен.
«Әкем сіздің менімен кездесуге уақытыңыз жоқ дейді. Егер уақытыңыз табылып жатса, сізге қонаққа келер едім», — дейді Замир.
Ермек ЕЛЕМЕСОВ
https://www.youtube.com/watch?v=HOyMMvLmAsg