Home » Мақалалар » ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР АУТИЗМ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАҒА КІРІКТІРУІНІҢ ПСИХО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР АУТИЗМ СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАҒА КІРІКТІРУІНІҢ ПСИХО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Шилденова Тажикен Калымовна
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктілігін
арттыру институтының
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының
коррекциялық-педагогика саласының аға-оқытушысы

 

 

Жалпы білім беру жүйесіне аутизм балаларды инлюзивті білім беру үрдісіне кіріктіру мәселесі балалардың эмоциялық және психологиялық дамуына ықпал етеді және іске асады.

Аутизм балаларды қолдау мен сүйемелдеу деңгейі диагностикалық белгілерінің  және дамуындағы түрлі бұзылулардың ауырлығының негізінде кезектесу қажет.

Аутизм  балалардың сөйлеу тілі коммуникативтілігі, бірігіп жұмыс істеу қабілеті, сенсорлық қабылдау бұзылуларымен сипатталады. Бұндай балаларды инклюзивті оқытуда алдымен бұзылымдарды негізін түсіну, педагогикалық әдістемелерді таңдау болып табылады.

Аутизм  балаларды басқа бұзылымдары бар балалармен салыстырғанда, аутизм балалардың көпшілігі жалпы білім беру бағдарламасымен оқи алады.

Қалыпты интеллект, жақсы есте сақтау қабілеті, көріп қабылдау қабілеті аутизм балаға академиялық бағдарламаны жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Аутист бала математикадан үздік оқи алады, кейде өз қатарындағы балардан да үздік оқиды. Кейбіреулері, ұсақ моторикасында проблемасы жоқ жағдайда, сурет салуда үздік.

Аутизм синдромы бар балалардың көпшілігі оқуды тез меңгереді, бірақ оқығанын түсінбейді. Ерекше аймақтық қызығушылықтары болады: тарих, астрономия ғылымдарының эксперті т.б. Бір жағынан, аутистік белгілері және қабылдау проблемалары мектепте оқығанда үлкен кедергілер туғызады. Құрдастарымен қарым-қатынасқа кірігу қиындықтары сыныптастары және мұғалімдер жағынан әлеуметтік шектеудің себебі болады.

Тәртібінің бұзылуы, сыныпта айқайлау, орындықта қозғалу, агрессия, аутоагрессия бұзылымдары мұғалімге сабақ жүргізуге кедергі болады.

Сонымен қатар, аутизм синдромы бар балаларға сөйлеу тілінің көптеген бұзылымдары, сөйлеу тілін дұрыс қолдана алмау, сөздік қорының шектелуі, грамматикалық бұзылымдар, сөйлеу тілінің мәнерлігінің бұзылуы тән. Осы бұзылулардың себебі күйзеліске, агрессияға, ышқынып  айқайлауына әкеледі.

Инклюзивті білім беру ортасы – бұл аутист баланың сенсорлық қабілетіне қолдау таба алмайды. Сыныпта балалардың көптігі және кішкентай кеңістік аутист баланың өзіне қол тигізуді болдыртпауда агрессиялық реакциясы күшейеді. Оқыс жерден аутист балаға кішкене ғана, қол тиіп кетсе, ол ұрынады деп қабылдайды және агрессия реакцияларын туғызады.

Көпшілік аутист балалар шуға, қатты дыбыстарға сезімтал. Үзілісте немесе сыныпта балалардың айқай шуы аутист баланың кері айқайлауына әкеледі. Мұғалімнің қатты дауысы немес оқушының жылауы кері эмоциялық реакция туғызып аутист бала жылайды немесе айқайлайды,  заттарды лақтырып  итере бастайды. Аутист балалардың арасында түрлі жапсыру тапсырмаларын орындаған кезде  клейге, бояуларға жиіркенетін балаларда болады. Ол жапсыру тапсырмаларын орындаудан бас тартады. Сенсорлық проблемалар ұсақ моторика қимылдарының дамымаушылығымен және қимыл-қолзғалыс қиындықтарымен негізделеді.

Инклюзивті ортада аутист бала оқу, жазу, есептеу қабілет алады.  Бірақ та, инклюзивті білім берудің мақсаты жалпы білім беру бағдарламасымен білім алу емес. Бұндай тәсіл жеке оқытуда да қолжетімді. Инклюзивті орта аутист балаға жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес білім алумен қатар оқытуда кездесетін қиындықтар мен проблемаларды жеңуді қарастырады.

Аутист баланың қандай да болса қабілетінің төмендігі немесе мүлдем жоқ көрсеткіші, инклюзивті ортаға лайықты еместігін көрсетпейді.

Аутист балаларға инклюзивті білім беруде бірнеше түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Бір әрекеттен екінші әрекетке көшу аутист балалардың көпшілігінде проблемалық жағдай болады және агрессия немесе тәртібінің ауытқушылығын тудырады.

Визуалдық сабақ кестесін қолдану манипулятивті айырушылық стимулдарының міндетімен негізделеді. Бұл істе вербалдық нұсқаулар визуалдыққа алмастырылады. Осылайша нақты түрін иеленеді.

Оқыту тәсілі келесідей жүреді:

— сабақтын алдында балаға визуалдық сабақ кестесін көрсетеді, қандай тапсырмаларды орындауын түсіндіреді;

— сонан кейін, балаға карточкада берілген бірінші тапсырманың материалдары беріледі;

— бірінші тапсырманы орындап болған кезде, мұғалім тапсырманың карточкаларын жинауға көмектесіп, келесі карточканы ұсынады;

— бұдан кейін, мұғалім келесі тапсырманың материалдарын ұсынады. Осылайша әрі қарай жалғастырылады.

Сабақта визуалдық сабақ кестесін қолдану оқу әрекетін құрастыруға көмектеседі. Бұл аутист балаға, болып жатқан жағдайларды дұрыс түсінуге, берілген тапсырмаларды тұрақты негізінде орындауға және бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшкенде серіктестендіру тәсілдері көмектеседі.

Прайминг – оқыту стратегияларының бірі, ол баланы инклюзивті ортада күрделі проблемалық жағдайларға дайындау. Прайминг ол алдын-ала қажетті қабілеттерге  үйрету. Мысалы, тәрбиеші ертегі оқығанда бала топтық сабақта қиындықтарға кездессе, бала белсенді болу үшін және сюжетті ойынға қатысу үшін немесе топпен бірге әрекеттену үшін бұл ертегіні күнде жеке сабақта оқуға болады.

Қазіргі кезде балалар аутизмі  бар балалар психологиясы коррекциялық-педагогика саласында жүрген мамандардың ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналуда. Соңғы алынған мәліметтер бойынша аутизм дертіндегі балалар және әлеуметтік тұрғыда дамуында кемшіліктері бар балалар тобы көптеп кездесуде. Бүгінгі күні осы бала аутизіміндегі балалар саны жыл сайын  өсіп отыр. Аутизм бар балалардың өсу үрдісін оларға ерте жастан дер кезінде түзету көмегін көрсетуіміз тиic.

Инклюзивті оқыту — соның ішінде аутизмі бар балаларды оқыту, олардың осы оқыту барысында өздерінің мүмкіншіліктерін әлеуметтік тұрғыда пайдалана білуі басты мақсат болып саналады. Аутизмі бар балаларды инклюзивті оқытып тәрбиелеу олардың болашақтағы қоғамда алатын орнын анықтайтын бағыт.

Аутизмі бар балаларды орта мектеп бағдарламасына қамту, олардың басқа мектеп оқушыларымен тең көлемде білім алуына себебін тигізеді. Ал үй жағдайында оқыту олар үшін қай жағынан да тиімсіз. Әлеуметтік оқшаулану, ортамен кең көлемде байланыс болмауы олардың аутистік дамуын одан әрі күрделендіре түседі.

Инклюзивті оқыту бағытында аутизмі бар балаларды сынып топтарына ерекше мән бере отыра орналастыру басты мәселе. Себебі аутизмі бар балалар мен басқа дені сау балалардың коммуникативтік қарым-қатынастары осы сыныптық ортада дамиды. Тәжірибеге сүйене отырып аутизмі бар балаларды инклюзивтік оқытуда, бұл балаларға мектеп бағдарламасының жекеленген түрін таңдап ала отыра әрбір бала даму бағытына сәйкес тапсырмаларды дайындауға болады. Аутизмі бар балалар, бұл бағдарламаларды меңгеріп алуға да, тіпті олардың ішінде ерекше меңгеретіндері де кездесуі мүмкін. Біздің педагогикамызда бұл бағыттағы оқытудан жиналған көптеген тәжірибелері бар екені белгілі. Ал инклюзивтік оқытуда белгілі бір бағыттарды, бағдарламаларды  басшылыққа ала отыра аутизмі бар балаларды қалыпты ортаға тартып, жалпы білім беру ортада оқытып, тәрбиелеу бала дамуына тігізер пайдасы көп.

Инклюзивтік  оқытуда  аутизмі бар балаларға беретін оңтайлы жақтары мыналар:

  1. Бала өз мүмкіндіктерін байқай бастауға және басқа дені сау баланың бағытында дамуына бейімделеді.
  2. Басқа балалармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу сенімділігі қалыптасады.
  3. Баланың өзін өзі түсінуі және өзгелердің өзі туралы түсінігін қабылдауы қалыптасады.

Осы бағыттар бойынша инклюзивті оқыған аутизмі бар балалар  одан әрі дамып, оқу үрдісін әрі қарай жалғастыра алады. Бүгінгі таңда осындай балаларға  көмек көрсетіп, оларды түзету жұмыстарын одан әрі сапалы түрде дамыту әлі де болса жетіспей жатыр. Бұл балалар облыстық, қалалық психологиялық дәрігерлік педагогикалық  ұйымдар арқылы тіркеуге алынып, облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығында жылына екі рет көмек көрсетіледі.

Арнаулы  аутизім бар балалар үшін бағдарламаларды жасақтау, оларды түріне байланысты дамыту жұмысы бағдарламалары әлі де болса қолға алынбай жатырған жұмыстар. «Бота» қайырымдылық қоры аутизм балалармен түзету жұмысына әдістемелік құралы басылып, 2011 жылы басшылыққа  алына  жұмыс жасай бастады. «Бота» қайырымдылық қоры 2011 жылы басып  шығарған  арнайы бағдарламаны таратты. Бала аутизім бар балалар әлі де түбегейлі зерттей отыра әрі-қарай теренірек жұмыс жасалатын мәселе. Бұл тақырыпты әлі де ашық түрде қалдыруға болады.

Бұл аутизім бар балалармен  қалай, қайтіп қатынасқа түсуге болады. Бұл қатынас арқылы онын ішкі жан әлеміне қандай көмек жасай аламыз? Міне, бүгінгі коррекциялық педагогикада ортаға бейiмдеуге арнайы ерекше тәсіл керек. Коррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты — бұл балалардың эмоциясын қалпына келтіре отыра, қарым-қатынасқа түсіру. Ортамен байланыс орната отыра, мінез-құлық ерекшеліктерін реттеу. Бұл балалар үшін ерекше касиет  3 шi — және 4 шi кiciнiн сөзімен сөйлеуі. Соңғы кездегі деректерге қарасақ бала аутизімінің түрлі психологиялык өзгерістерін көруге болады. Олар әрекеттің әр түрін таңдай алады. Кейбір аутизімі бар балалардың жүріс-тұрысы яғни қимыл-қозғалысының бұзылуы басты мәселе болады. Яғни, түсініксіз нәрселермен шұғылдана отыра, іс-әрекетінде қосымша қимыл-қозғалыс жасауы көрінеді.

Жеке жұмыс жүргізу уақытында  осы аутизімі бар балалардың бірнеше өзгеріске ұшыраған түрлері кездеседі. Бала аутизімі бар балалардың психологиялық-педагогикалық дамуы олардын жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Тәжирибеде 2-3 жас аралығындағы бала аутизімі дамуымен, 5-6 жас  арасында  айырмашылықтарын байқауға болады.

Аутизімді балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау дер кезінде көрсетілуi олардың  жас ерекшелігіне байланысты даму сатысына өзгерістер әкелуi мүмкін. Балалар аутизімі бар балалардың 2-3 жас аралығындағы көрсетілген  жан-жақты түзету жұмыстары бала дамуына әсерін тигiзедi. Оған өзіміз жүргізген бақылау күнделігіндегі жұмыстарды қарай отыра, көз жеткізуімізге болады. Бала дамуына көп көмекті онын жануясымен бірлесе жүргізгенде ғана жұмыс нәтижелі болады.     Жанұя балаға жеке психологиялық көмек көрсетеді, аxуал калыптастырады. Ал одан әрі педагог-маман, психологтар бірлесе отыра бала психикасын жете зерттей отыра көмекті ұйымдастырады. Бала аутизімі бар балаларга төмендегідей жүйелі түрде көмекті қажет етеді.

  1. Ата-ана
  2. Мамандар тобы
  3. Қамтылган ортасы

Бала аутизім бар бала меткепте де дәл қарапайым оқушы. Бала ортаға                  бейімделуi үшін қолайлы тыныш ортаны қамтамасыз етуiмiз тиic. Мінез-құлқының өзгерістері ортамен тікелей байланысты болады. Балаға ең қажеттісі — мейiрiм, сенiм және ортаға бейiмделу, мұғалімге үйренсуi. Баламен тікелей қарым-қатынас ортасы отбасы болуы шарт.

Жүргізілген сауалнамалар дерегіне сүйенсек кейбір отбасы баланың жеке қалып, өз ic-әрекетімен айналысуына жағдай жасайды. Бұл әдіс — тиiмciз әдіс түрлері. Ата-ана өз баласының стереотиптерін біле отыра, оған тікелей белсінді түрде жұмыс жасаулары керек. Бiрiгіп жасалынатын тәрбиелік жұмыс түрлері бала стеротиптерінін азайуына асер етуi мүмкін. Ата-ана өз баласының мінез-құлқының неден бұзылатынын осынан бастап, қандай ic- әрекетпен аяқталатынын қадағалауы керек. Ал маман осы ата-анамен бірге баланың мінез-құлқының өзгеріс себептерін анықтай отыра, жұмысты жолға қояды. Ата-ана және маман бала жағдайын жан-жақты түсініп, бірлескен түрде ортақ көзқарас аркылы жүйелі жұмыс жоспары жасақтанылады. Бала аутизмі әлі де көптеген маңызды мәселелерді шешуді талап ететін мәселе. Тәжірибедегі бала аутизімі бар баламен жеке жүргізілген күнделікті сүйеніп қорытындылауды ұйғардым. Ата-анамен бірлесе жүргізген бақылау күнделігі одан әрі бала даму ерекшеліктерінің өзгерістерін бақылап, сол бағытты бағдарлауға мүмкіндік береді.

  Қолданылған әдебиеттер:

1.Лебединская К.С. «Ранний детский аутизм» 2003г  [12-13]

2.Э.Шоплер, М.Ланзид, Л.Ватерс  Сборник упражнений для специалистов и родителей «Поддержка детей с аутистическими нарушениями от0 до 6 лет»  2001г  [56-58]

3.Б.Е.Микиртумов, П.Ю. Завитаев «Аутизм. История вопроса и современный вхгляд» 2002г [37-42]

4.С.С. Морозова «Аутизм. Коррекционная робата при тяжелых осложненных формах» 2007г [121-128]

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.