Home » Жаңалықтар » Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні – бұл ата-аналардың, бір – бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл-жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтық кемел шағына деген құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылында орналасқан МКҚК «Аяла» балабақшасы бұл күнге орай балабақша ата-аналарымен бірігіп, қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.Балабақшамыз 50 орынды, жәрмеңкеге толыққанды  ата-аналар қатысты. Қайырымдылық жәрмеңке өткізгендегі ең бірінші мақсатымыз ата-аналармен тығыз байланыс орнату, балаларды  үлкенді құрметтеуге үйрету. Ата-ананың қадір-қасиетін дәріптеу. Айналадағы адамдарды мейірімділікке шақыру.МКҚК «Аяла» балабақша әкімшілігі мен ата-аналарымызбен бірігіп жасаған бұл  қайырымдылық  Ақтау қаласындағы «Қарттар үйіне» барып, көздері мұңға толы,жандары жылулық іздеген қариялардың көңілін аулап,ақ дастарханымызды жайып,немеренің тәтті қылығын сағынған қарияларға бүлдіршіндеріміз би билеп, ән-жырларын арнады.Осындай сауапты іске сонау 80 шақырымдық жерде орналасқан қарттар үйіне баруға игі іске атсалысқан жандарда өте көп.Солардың бірі көлікпен қамтамасыз еткен Жетібай Мұнай Газ басшысы Бүркітов Қалмырза мырза, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Мұнайшы ауылы әкімі Бекмурзаев Болат мырза және жеке кәсіпкерлер Тоғжанов Асхат пен Байбосинова Айгүл ханымға мың алғыс.

Ол жердің тыныс-тіршілігі,қарттарымыздың өмірі өте жақсы.Балалары бас тартса да үкімет жағдайларын жасап отыр.Жанарлары мұңды,көздері солғын тартқан біздің қазақ қарттарының сол жерден табылғаны өте өкінішті.Ол жерде неше түрлі тағдыр бар. Соның ішінде еркінен тыс, өздерінің бағып, қаққан балаларының әкеліп, тастап кеткен, өздері қартайса да көңілдері жас баладай қазыналарымыз өте көп.Өкінішті……

Қарты бар үйдің қазынасы бар деген атам қазақ сөзінің бояуы кеткендей.Екі аяғы бірдей жоқ арбада отырған, өз қолымен тамағын жей алмай қолы жоқ,төсек тартып жатқан қазақтың ата-әжелерін көріп көзге жас алдық.Қарттар үйінде 99 қарт бар екен, оның ішінде 51 қарт жүре алатын, 48 қарт төсек тартып жатқандар.Бәрінің көңілін бірдей аулап,әр науқас қарияларымызға жеке-жеке кіріп шықтық.

Сауапты істі жарыса жасап,бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарған «Аяла» балабақша ұжымына,ата-аналарымызға, игі істі қолдаған жоғарыда атап өткен жандарға алғысым шексіз.

Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді деген сөздің астарын жастарымыз түсінсе игі. Ата-анамызды қадірлейік ағайын.

 

                               Джилкибаева Айман Алмабековна

                                        «Аяла» балабақша басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.