Home » Жаңалықтар » «Түркістан аспаны» батпырауықтар фестивалі

«Түркістан аспаны» батпырауықтар фестивалі

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай облыстық( аудан, қала) жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында, Түркіст ан облысы аумағында 2019 жылғы 17 -21 маусым күндері «облыс тарихы» атты  керуен шерудің бүгін 3-ші күні. 19 маусым күнгі бұл іс- шара Облыстық адами әлеуетін дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқанын айта кетуіміз керек. Күндізгі Түркістан- Сауран бағыты бойынша Сауран қалашығының  керуен-шеруінен  соң кешкі 17:00 де Түркістан қаласының жаңадан ашылған «Парасат» саябағында «Түркістан аспаны»-атты батпырауықтар фестивалін тамашалау. Оған облыстық керуен-шеруге қатысушы балалармен қатар, Түркістан қаласы мектептерінен 300,барлығы 450 оқушы қатысты. Құттықтау сөзі колледж студентерінен құралған флешмоб биінен соң Түркістан облысының адами әлеуетін дамыту басқармасының міндетін атқарушы Садықова Ардақ Мәдіханқызы мен Түркістан облысының адами әлеуетін дамыту басқармасының  қосымша білім беру және тәрбие жұмыстарын дамыту бөлімінің басшысы Шерімбет Айнұрға берілді. Ардақ Мәдіханқызы кезекті құттықтау сөзінде:
Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған жолдауында 2019 жылды » Жастар жылы» деп жариялады. Біз үшін бұл үлкен мәртебе! Жастар — қоғамның қозғаушы күші, ең белсенді бөлігі, яғни жарқын болашақ кепілі, ал болашақ бүгіннен басталады!
Қазақстанды дамыған ,алдыңғы мемлекеттердің арасына қосу біздің қолымызда және біз Қазақстан жастарына артылған сеніммен үмітті ақтап, бізге берілген мүмкіндіктерді өз дәрежесінде қолданып ,рухани жаңғырған ұрпақ тәрбиелеудеміз.
Елдігіміздің еңселі , болашағымыздың баянды болуы — сіздердің қолдарыңызда деп облыс тарихына тоқталып   керуен- шерушілерге рухани білім мен сәттілік тіледі. Келесі кезекте рухты тарихи  әндер айтылып, би-билеген жастар өнерінен кейін Түркістан көпсалалы индустриялды техникалық колледжі студенттерінің арасында спорттық ойындардан( арқан тартыс,күрес,шахмат,бокс) көрсетілімі болды.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн деп Мағжан Жұмабаев айтқандай
Іс- шара соңы «Түркістан аспанына» батпырауықтар ұшырумен өз мәресіне жетті. Көңілдері пәк , жүректері ақ оқушылардың батпырауқтар фестиваліндегі ерекше көңіл күйлері жүздерінен байқалды.
Бұл іс-шара Түркістан облысының адами әлуеттік дамыту басқармасының , облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директоры Ешенкулов Бақытжан Қабайұлының белсінді атсалысуымен өтуде.

 

Абай Сәдібекұлы,
«Білім айнасы» Түркістан облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.