Home » Білім және тұлға » 45 жыл алты айдан кейінгі кездесу

45 жыл алты айдан кейінгі кездесу

«Балам» дейтін елі болмаса, «Елім» дейтін бала қайдан шықсын – демекші өзіміздің өскен өлкеде туған, мектеп түлектерінің жасаған іс әрекеттерімен қызметтерін мақтан тұтып дәріптеу, түлектердің туған жерге, мектебіне деген қамқорлығын сүйіспеншілігін, демеушілігін жүзеге асыру мақсатында «Туған жерге тағзым : Мектебіме тағзым» тақырыбында түлектермен байланыс, хабарласу ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Байділдаеваның ұйымдастыруымен «Ұстазы мықтының ,ұстанымы мықты түлек» атты ҚРФилология ғылымының доценті, №148 қазақ орта мектебінің 1972 жылы бітірген түлегі Маржан Бектұрсынқызы Пірімбетовамен кездесу болып өтті. Кездесуге мектептің ардагер ұстаздары , Бидайкөл ауылының ардагер аналар төрайымы Ұ. Назарбекова, Маржан Пірімбетованың сыныптастары, туыстары Қазақ тілі пән бірлестіктері шақырылды.
Мектеп директоры О.Шорабаева құттықтау сөз айтып жиынның ашылуын жасады. 9 сынып оқушылары М.Пірімбетованың өмірінен үзінділер жатқа айтты. Жаңартылған білімнегіздерінің жаршысы 1сынып оқушылары М.Пірімбетованың «Қазақпыз өлеңін » жатқа айтып шықты. Маржан апайдың демеушілігімен «Балам дейтін ел барда, елім дейтін ұлан бар»- деп балалардың бойына патриоттық құндылықтарды сіңіру мақсатында балаларға оқу құралдарымен қоса «Жүз бауырсақ » акциясын ұйымдастырып бауырсақ таратты. «Мадақтасаң ұстазыңды мадақта, сол емеспе сені қосқан санатқа» деп М.Пірімбетованың алғашқы ұстазы Айман Әбдіғалиева ардагер ұстазы сөз сөйлеп Маржан апай ұстазына қамзалын жапты.

Мектебімізде қорғаншылық тағайындалған үздік оқушыларымыздың бірі аудандық олимпиада жеңімпазы, аудандық оқушылар үйі жанындағы «Жас еріктілер одағының   » мүшесі мектептің 10 сынып оқушысы Ахметова Нұрай әжесі Ахметова Гүлбарам апаға сөз беріліп лебізін білдірді. Нұрайға үздік оқығаны үшін, сол білімін ары қарай жалғастырып еліміздің атын шығаруға үлес қосатын азамат болу үшін Маржан Бектұрсынқызы атындағы ай сайын степендия беріп отыратындығын айтып «Бейтаныс дос» деген аманат хатын табыстады.
Мектепті бітіргеніне 45 жыл болған түлек туған жерге, мектебіне үлкен сағынышпен келген құрметпен лебізін білдірді. ( лебізін өзі жазып келген бойынша түсірдім. )

АЙТЫЛАР СӨЗ ЖҮРЕКТЕН

ШЫҚСА КЕРЕК… ӘР АДАМ ҮШІН:

Кір жуып, кіндік кескен жері қымбат,

Өсірген бесігінде елі қымбат!

Сыйласар жора-жолдас, құрдас қымбат!

Тарқатар жүрек шерін сырлас қымбат!

БІР СӘТ ОЙЛАНЫП, ЖАСТЫҚ ШАҚТЫ

САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛА ОТЫРЫП,

ТОЛҒАНУ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІҢМЕН

ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫҢДЫ

ЕСКЕ ТҮСІРУ БІР ҒАНИБЕТ!

КЕМЕЛ ЖАСҚА КЕЛГЕН КІСІГЕ БӘРІ ҚЫМБАТ:

СЫЙЛАСҚАН АҒАЙЫН, СЫРЛАСҚАН ДОСТАР!

ТУҒАН ЖЕРІҢДЕ АСЫР САЛЫП ОЙНАҒАН СӘТІҢ,ӨЗІҢ ТҰРҒАН КӨШЕ,ТІПТІТАҢ АТА ШАҚЫРҒАН ТАУЫҚТЫҢ ҮНІ,   ҚОРАДАҒЫ МАЛДЫҢ ПЫСЫЛЫ МЕН ӘР ТӨЛДІҢ ДЫБЫСЫ!

БӘРІ ДЕ КЕШЕ ҒАНА ӨТКЕНДЕЙ, АЛАЙДА ОЛАЙ ЕМЕСІ АНЫҚ!

ТАЛАЙ ТАҢДАР МЕН ТҮНДЕРДІ УАҚЫТ ШІРКІН АРҚАЛАП КЕТІПТІ ҒОЙ!ӘРБІР ҰСТАЗ ҮШІН ОҚУШЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ ҚИМЫЛЫ МЕН ҚЫЛЫҒЫ, МІНЕЗІ МЕН ӘДЕТІ ОҚЫТУШЫ МЕН МҰҒАЛІМДІ АЛАҢДАТПАЙ ҚОЙМАЙДЫ. БӘРІН ДАҒЫ ЖҮРЕКТЕН ӨТКІЗЕСІҢ, ОЙЛАНАСЫҢ, ӨЙТКЕНІ ОЛАР ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ, АЛАШТЫҢ АЗАМАТТАРЫ.ДӘРІСХАНАДАҒЫПАРТАЛАР ДА ҚЫМБАТ.

ПАРТА — ОҚУШЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ ЖҰМЫС ОРНЫ.

ОСЫ ПАРТАЛАРДАН САН АЛУАН ШӘКІРТ ТҮЛЕП ҰШЫП, ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛАДЫ. АРМАН АРҚАЛАП ҮЛКЕН ҚАЛАЛАРҒА САПАР ШЕГЕДІ. ОЛАРДЫҢ БІРІ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСАТЫН ТҰЛҒАҒА АЙНАЛСА, ЕКІНШІСІ ӨЗ ОРНЫН ТАБА АЛМАЙ АДАСАДЫ.

БІЛІМ БЕРГЕН ҰСТАЗДАР НЕГЕ ДЕГЕН САУАЛҒА ЖАУАП ІЗДЕЙДІ. БАРША ҰСТАЗДАР ӨЗ ШӘКІРТІНІҢ ӨЗІНЕН ОЗЫҚ ОЙЛЫ, ТАЛАПТЫ, ТАЛҒАМДЫ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ. ОСЫ АРАДА БІР КІЛТИПАН БАР: АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ БОЛЫП, ОСЫ СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫН ТАБУ КЕРЕК СИЯҚТЫ …

ГЕНЕРАЛ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН САРБАЗ СИЯҚТЫ

ӘР МҰҒАЛІМ ШӘКІРТТЕРІНІҢ ЖҮРЕГІНДЕ ҰСТАЗ БОЛЫП ҚАЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ.

АЛАЙДА ОЛАЙ ЕМЕСІ АНЫҚ: БІР МҰҒАЛІМ САБАҚ БЕРУШІ ҒАНА БОЛЫП ҚАЛСА, ЕКІНШІСІ ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒАҒА АЙНАЛАДЫ.ТАҒЫ СҰРАҚ ТУЫНДАЙДЫ: НЕГЕ, ҚАЛАЙ?

 

ЖЕТІСТІК, АТАҚ-АБЫРОЙ, ТАБЫС, НӘТИЖЕ БӘРІ ДЕ – АДАЛ ЕҢБЕК АҚҚЫЛЫ АЩЫ ТЕРМЕН КЕЛЕТІН ТӘТТІ НАН, ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ІЗДЕНІС, ТЫҢ ИДЕЯЛАР, РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, СОЛ СИЯҚТЫ ҰЙҚЫСЫЗ ТҮНДЕР деп білемін…

ӨМІРДІҢ ӨЗІ — ҰЛЫ ҰСТАЗ,ҮЙРЕТЕДІ БАРШАҒА:

…Жақсылықты асыруды үйретеді,                            

Жамандықты жасыруды үйретеді,

Сыйластықты арттыруды үйретеді,

Кейбір сәтте торығуды үйретеді,

Жылап тұрып күлуді де үйретеді,

Күле отырып, жылауды да үйретеді,

Жамандардан жиренуді үйретеді,

Жақсыларға жақындауды үйретеді,

Өкінішті еске алмауды үйретеді,

Жетістікке жету жолын үйретеді,

Ақ қағазбен мұңдасуды үйретеді,

Абзал жанмен сырласуды үйретеді,

Кісілік пен кішіліктің арасын

Салмақтаудың қаджеттігін үйретеді.

Ұстаздықты ұлылық деп үйретеді,

Ізгіліктің ғұмыры өміршең деп үйретеді.

Адам үшін қанағат, ынсап, иман, рақым —

Асыл мінез, ар-ұят құндылық деп үйретеді.

Ал жас ұрпаққа жылдар бойы өмірді танытатын мұғалім-ұстаздар емес пе?

Ендеше, бүгінгі күні экологиясы мәз емес ауылда тұратын, алайда мектебін өз үйіндей көретін, қаладан алыс елді мекенде тыныстап, түзу түтін түтеткен, өркениетке ұмтылған жасөспірімдерді білім нәрімен сусындатып жатқан және мен түлеп ұшқан №148 қазақ орта мектебінің мұғалімдер қауымын, Орынкүл Дүйсенқызы басқарып отырған Ұстаздар ұжымын шын жүректен құттықтап, отбасына амандық, еңбекте табыс тілеймін!

ҚҰРМЕТПЕН, МАРЖАН БЕКТҰРСЫНҚЫЗЫ ПІРІМБЕТОВА

Бидайкөл ауылының аналар төрайымы Ұлмекен Назарбекқызы , Қазақ тілі бірлестігінің белсенді мүшесі Ұстаз Жанәділова Перуза, сыныптастар сөз сөйлеп ізгі лебіздерін білдірді. Естелік суретке түсті. Мектеп кітапханасына 100 аса өзі оқыған оқулық, әдеби кітаптарымен әдістемелік нұсқаулықтар, өзінің автордың еңбектерін сыйға тартты.

Екінші күні 9Асынып жетекшісі Күртебаева Салтанат қазақ тіл маманы Маржан Пірімбетова Бектұрсынқызымен «Ұлылық бастауы –ұстазда » тақырыбында кездесу жасады. Кездесуде өмірдеректерінен оқушылар үзінділер айтып өлеңдерін жатқа оқыды. Маржан апайдың «Ізгілік философиясы», «Көңіл терезесі » кітаптарының слайдттық көрмесін жасап таныстырылм жүргізді. Маржан Бектұрсынқызы кітаптарын сыйға мектепке қалдырды, тағы да 100 ден аса әдеби кітаптар оқушыларға оқуға сыйға әкелді. Мектебімізде Мақал -мәтел мен мәнерлеп өлең оқу сайысында оқушыларды өз демеушілігімен марапаттады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Байділдаева Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Туған жерге тағзым, мектебіме тағзым» деп келген Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Әлем тілдер»кафедрасының аға оқытушы профессор Маржан Бектұрсынқызының атына мектебімізде «Тілдер қоғамдастығы » бөлмесін ашу оған Маржан Бектұрсынқызының атын беруді ұсынды. Маржан Бектұрсынқызының өмірі,қызыметі,еңбектері жайлы кеңінен таныстырылды.150 ден астам сыйға әкелген әдеби кітаптары осы кғабинетте оқушыларға қол жетімді жағдайда орналастырылатын болды. Aй сайын бұл кабинетке 5000 тг. Көлемінде жәрдемақы өз демеушілігімен беріп отыратын болды.

5-11сынып оқшылары үш тілде орындаған ән,би,өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу іс-шарға белсенді қатысқан оқушыларды марапаттап,қазақтіл пән мұғалімі Жанаділова Перуза, мектеп диреторы Шорабаева Орынкүл құттықтап,сөз сөйледі.   Екі күндік кездесу өте тартымды тәрбиелік мәні зор жаңа ұсыныс, идеялардың туындауына Маржан Бектұрсынқызы мектептің өзге түлектеріне ізгі ой салып бастама жасады. Туған жерім, мектебім, деп тұратын түлектеріміз көп болғай. Түлектер ұстаздарын, ұстаздар түлектерін мадақтайтын, ардақтайтын тарихтар жазыла бергей.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.