Home » Жаңалықтар » Пікір сайыс өтті

Пікір сайыс өтті

Назарбаев Интеллектуалды Мектебінің ұйымдастыруымен өткізген Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына  байланысты 2018 жылдың 14 желтоқсанында облыстық деңгейінде дебат сайысы өткізілді. Бұл сайысқа 16 мектеп қатысып, оның құрамында қаламыздың «Мұрагер»,  «Қазақ түрік лицейі», «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» және қаладағы бірнеше мектеп командалары қатысты.

Пікір-сайыс өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа баулу, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Аталмыш шараға барлық оқушылар сайыс тәртібі ойын жүргізу ереже бойынша, ұсынылған тақырып бойынша өз ойларын барынша ашып жеткізуге тырысты.

         Сайысқа қатысушы командалардың өзіндік ойын жүргізу әдісі қалыптасқан. Олар кез — келген тың тақырыптармен сайысқа түсе алады. Сайыс барысында командаларға жартылай финалда және финалда түрлі проблемаға байланысты тақырыптар ұсынылды. Ол « Әлеуметтік желінің пайдасынан гөрі зияны көп», «Болашақ күнге бүгінгі күн құрбандық», «Бұл палата латын әліпбиін бүгінгі заман талабына сай деп санайды», «Бұл палата еліміздегі нарықтық қатынастар дамыған деп санайды» деген тақырыптар атаумен ұсынылды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Саналы да, тәрбиелі, білімді белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болады» деген сөзі бар. Біздің болашақ ұрпағымыз осындай сайыстарға қатысу арқылы өзіндік тұлғасын айқындайды. Болашақ жастарымыз қандай, өздерінің білім деңгейімен елдің өркендеуімен көркеюі үшін қандай үлес қосып жатыр деп ой толғауына салсақ, оны алғашқы сатысы осы сайыстардан байқалады. Пікірталас сайысында сөз шеберлігі, шешендігі, суырып салу, жаңа ой тастау сияқты іскерлік істер додаға түсу барысында қалыптасады. Жаһандану заманында қоғамдық сананы дамыту рухани жағынан жүзеге асады.

Біздің мектеп-лицейімізде 2009 жылдан бастап «Алаш» командасы қалыптасты. Осы  2018 жылға дейінгі кезенде үшінші «Алаш» командасы жинақталып қалалық, облыстық сайыстарға қатысып, екі рет ГРАН-ПРИ (2013, 2015) жүлделі орынға ие болды. Қалыптасқан іскерлік тәжірибе, сайыс әдістері бірден-бірге жалғасын тауып беріліп келеді. Мектеп-лицейімізде тарих пәні мұғалімі Оспанов Мәулен Мардашұлымен бірге  үнемі сайысқа қатысушыларға тақырыптарына сәйкес мағлұматтар алуға, фактілерді іріктеуге, аргументтерді ұсынуға бағыт беріп, оны қолдану жолдарын көрсетеді.

«Назарбаев Зияткерлік Мектебінде» өткізілген сайыста біздің «Алаш» командасы қатысып, сүрінбей ақтық финалға шығып ІІІ орынды иеленді.

Жастар – қашан да қоғамның барынша белсенді бөлігі болып саналады. Жастарды тәрбиелеуде ата-ана тәрбиесі мен діни-рухани жолкөрсетушіліктің маңызы зор. Қазақ елі сәлеміне қарай әдебін жасаған сыпайы халық, кішіпейілділікті кісіліктің төресі деп санаған халық. Ендеше, адамгершілік, әдептілік, ізеттілік сияқты асыл қасиеттерді бойымыздан аластатпау, намыс, ар деген ұғымдарды жоғары бағалау – біздің басты ұстанымымыз болу керек.

Тусупов Жанат Атыгаевич
Слямия Саттаров атындағы
№57 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.