Home » Мақалалар » Колледж

Колледж

Замана көші алға озған сайын ғылым мен білімге деген талап күн санап өсіп келеді.Осы орайда бүгінгі уақыттың тамырын тап басып, еңбек нарығындағы нақты талаптарға жауап беретін мамандар даярлау қажеттігі туындайды.

Ол үшін принципиалды жаңа білім беру бағдарламалары мен прогрессивті оқыту технологияларын енгізу қажет болып саналады.

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі білім беру саласында инновациялық ғылыми даму бағытында біршама жұмыстар жүргізді.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Кәсіпқор Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма басшысы Садвақасова Эльдана Макеновнамен  келісім-шарт жасалды.

Ел көшбасшысының «100 нақты қадам» бағдарламасының «Экономиканың алты негізгі саласы үшін алдыңғы қатардағы он колледжде біліктілігі жоғары мамандарды даярлау, одан әрі еліміздің басқа да білім беру орындарына практиканы тарату»атты 77 қадамын жүзеге асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор»Холдингі»КЕАҚ бірігіп 2015-2019 жылдарға арналған  Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының сұранысы үшін біліктілігі жоғары мамандарды «нақты даярлауды» қамтамасыз ету мақсатында 10 базалық колледжді анықтады,соның бірі И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі.

«Кәсіпқор»Холдингі» 10 базалық колледждерге жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын шетелдің озық технологиясының SAIT (Канада), Pearson (Ұлыбритания), TAFE (Австралия), TVET UK (Ұлыбритания), GIZ (Германия), РКБИ (Беларусь Республикасы),  LD DIDACTIC Group (Германия)  Отандық  үлгісін жасап,жұмыс жасауға  ұсынды. Жаңа білім беру бағдарламалары назарды «оқыту үдерісінен» «оқыту нәтижесіне», оқытушылар ролінің өзгеруіне және студентке назарды бұруды көздейді.

2016-2017 оқу жылында «Кәсіпқор»Холдингі» ұсынған  «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде» оқыту бағдарламасымен оқитын, сынақ алаңына колледжден

  1. 0902000-«Электрмен қамтамасыз ету». Біліктілігі:902043-«техник- электрик»
  2. 1304000-«Есептегіш техника және бағдарламамен қамтамасыздандыру».

Біліктілігі: «техник-программист» мамандықтарын енгізді. 2018-2019 оқу жылында 10 мамандық жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларымен оқи бастады.

Әлемдегі жаңалықтарды тез қабылдап,тәжірибеге енгізіп отыру басшының шеберлігінен,ізденімпаздығынан,біліктілігін арттырып отыруынан көрінеді.      2017 жылы тамыз-қазан айларының аралығында  «Кәсіпқор» холдинг» ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тиімді басқару. ISO 9001 халықаралық стандартына негізделген білім сапасын басқару жүйесі» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.Курста ТжКБ басшыларына басқару жүйесінің қыр-сырын үйретіп қана қоймай, онда басшылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтар арқылы бір-бірімен пікір,  тәжірибе алмасып отырды.

Сонымен қатар жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларымен жұмыс жасау үшін колледжден

3 менеджерді және 6 арнайы пән оқытушыларын Беларусь мемлекетінде біліктілікті арттыру курстарына жіберді. Кадрларды даярлайтын және қайта даярлайтын өңіраралық  кәсіптік орталықтар құру мақсатында «Кәсіпқор»Холдингі» штаттан тыс тренерлер дайындап,қазіргі таңда жұмыс жасауда. Олар облыс бойынша:

2015 жылы — 131 адам, оның ішінде 120 арнайы пән оқытушысын, 11 колледж басшыларын, 2016 жылы-128,оның ішінде 120 мемлекеттік,8 мемлекеттік емес колледждерден, 2017 жылы- 252 адам, оның ішінде 240 мемлекеттік,12 мемлекеттік емес, 2018 жылы-барлығы 328,оның ішінде 300 арнайы пән оқытушыларын,өндірістік оқыту шеберлерін, 28 директорлардың орынбасарларына, әдіскерлеріне біліктілік арттыру курстарын өткізді. Курстарда төмендегідей бағдарламалар бойынша біліктіліктерін арттыруда. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі», «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру», «CLIL әдістемесі:арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту», «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдастыруында оқытудың кредиттік технологиясына ауысудың ұйымдастыру-әдістемелік аспектілері», «Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру», «Білім беру ұйымдары, оқу-әдістемелік кабинеттер, оқу-әдістемелік орталықтар әдіскерлерінің және облыстық білім басқармаларының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдері қызметкерлерінің қызметіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу», «Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреттілігі:дамыту және жетілдіру» тақырыбында, 2017 жылы 11 колледж директорын Шымкент қаласында 2 кезеңмен курстан өткізді.

«Кәсіпқор «холдингі» тренерлерге және тыңдаушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар дайындап,ұсынды. Шетелдің мамандықтарға қажетті оқулықтарын қазақ және орыс тілдеріне аударып, колледждерге тегін ұсынды.2017 жылдың 14 қарашасында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламалары негізінде Қазақстан Республикасының экономика салаларына білікті мамандарды дайындау» тақырыбында Республикалық семинар-практикум өткізіліп, колледж тәжірибесін республикаға таратты. Семинарға «Кәсіпқор «холдингі» өкілдері, облыстық білім басқармасының өкілдері, аймақтық колледждер өкілдері қатысты.

Сонымен қатар «Кәсіпқор» холдингі» республиканың колледждерінің арасында ранжирлендіру жасады. Ранжирлендіру нәтижесінде облыс бойынша қатысқан колледждердің ішінде бірінші орынды иелендік.

«Кәсіпқор «холдингі» жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқу құралдарын дайындауға оқытушыларды жұмылдыруда. 1518000- «Ауылшаруашылығын электрлендіру және механикаландыру» мамандығы бойынша бойынша З.Жәнібекова,А.Жұмағұлова, Н.Имангазина  «Ауыл шаруашылығында электр энергиясын пайдалану »оқу құралын,осы аталға мамандық бойынша орыс тілінде З.Кайыркулова, З.Жәнібекова,А.Жұмағұлова «Монтаж,наладка,техническое обслуживание и ремонт автоматизированных и осветительных электроустановок» оқу құралын, 1405000 – «Газ жабдықтау жүйесі мен  жабдықтарды монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша Ш.Косумова, И.Садуақасова «Газ тарату және газ тұтыну жүйесінің монтажы мен құрылысы»оқу құралын дайындауда.Арнайы пән оқытушысы Тулегенова А.0603000-«Неразрушающий контроль по отраслям и видам неразрущающего контроля»мамандығынан үлгілік оқу бағдарламасын дайындауда. Колледж кітапханасына шетелдің қазіргі нарыққа сай дайындалған оқулықтарын қазақ тіліне аударып, 112 оқулықпен толықтырылды.

Нурпейсова Алия Алиакбаровна

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық

техникалық жоғары колледжі әдіскері,

«Кәсіпқор»Холдингінің» штаттан тыс тренері

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.