Жүргізуші:
Наурыз тойы-көңіл тойы,көктем тойы
Жақсылық болса деймін өмір бойы
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт байлық,бақ көбейсін
Наурыз құтты болсын ағаларға
Наурыз құтты болсын аналарға
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақы
Наурыз құтты болсын баршамызға
Жүргізуші:Ортағы тақпақтарымен балаларды шақырамыз:
- Басталды міне тойымыз
Ұнады ән мен ойымыз
Наурыз бақыт әкеліп
Тойға ұласын тойымыз
2.Әнім де саған биімде
Құт қоноқ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде наурыз күлімде
- Мерекні барлығы
алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап
4.Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңдеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық наурыз көжеден
5. Жас қосатын жасыңа
Жыл басы бұл наурыз
Әр кіргізген асыңа
Бал татыған сары уыз
Жүргізуші:
Жылдың басы наурыз
Жердің басы наурыз
Мерекеге арналған
Бүгінгі жыр-әніміз
Айгөлек тобының балалары «Наурыз» әнімен
Жүргізуші:
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. Күн мен түн теңеледі. Наурыз-деген сөз «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді.
Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйтқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін мереке.
Балдырған тобының балалары «Наурыз» әнімен
Ойын «Қыз қуу»
Жүргізуші:
Өлең өрлеп жыр самғай,
Үйлесті әсем әніміз.
Болды екен жыл сондай,
Қандай болса наурыз.
Жаңа жыл келе ерсін,
Мерейін төге берсін,
Наурыз, наурыз, наурыз!
«Шықбермес шығайбай және алдар көсе» атты ертегіні тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Наурыз-тойы ұлыстың,
Нағыз күні ұлы істің.
Салтанатты дәстүрдің,
Ел тұр жайып құшағын.
Күйге қосып құс әнін,
Кел, жырлайық, жас құрбым!
Би «домбыра»
Ән салыңдар, би билеп шаттаныңдар,
Тұсау кесер тойын атқарыңдар.
Жадырасын бұл күні бүкіл өмір,
Жығылмасын бәйгеде шапқан ұлдар.
«Тұсау кесер» салт-дәстүрі
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр-салт санасы тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
«Тесікке салу» салт-дәстүрін тамашалаңыздар
«Би» балдырған тобы
Жүргізуші:
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсыні
Достығымыз берік болсын!
Білім-өнер серік болсыні
Балалардың ақ тілектері қабыл болсын!
№1 бөбекжай-бақшасының
тәрбиешісі Шынар Аханқызы Кудасова
Қостанай қаласы