Home » Мақалалар » Адамгершілік тәрбие – әлеуметтік – педагогикалық проблема

Адамгершілік тәрбие – әлеуметтік – педагогикалық проблема

Адамгершілік тәрбие – әлеуметтік – педагогикалық проблема

                     Егеменді Қазақстанда өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығапмашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл жас ұрпаққа білім және тәрбие беру ісін қайта құруды, ұлттық рухани мұраны жаңғырту арқықылы оның мазмұнын қайта қарап, жоғарғы деңгейге көтеруді талап етеді.
Мемлекет тарапынан халыққа білім беру ісін жаңғырту мақсатында білім беру жүйелерінің, мақсат, міндеттерін айқындайтын жаңа мазмұндағы заң жобалары мен тұжырымдамалар қабылданып, халықтың рухани дамуына, ұлттық тіл мен тарихтың, дін мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызылуда.
Қоғам талабына сай білім мен тәрбие деңгейін көтеру, жеке тұлғаны ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу мәселелері мемлекеттік құжаттарда жан-жақты сөз болды, мәселен, Қазақстан Республикасы заңы І бөлімінің 2 – бабында «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасалуы қажет» — делінген.
Мәдени – этникалық білім мен тәрбие беру мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында ұзақ жылдар бойы ескерусіз келген халықтық педагогика қайта жаңғырып, тәрбие саласында ерекше маңызға ие бола бастады.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы өз ұлтымызға тән рухани, мәдени өмірдің өркендеуімен үйлесім тауып, жас ұрпақты салт-дәстүрге, тілге, ұлттық өнерге, өз елінің және әлем халықтарының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу жауапты да басты міндеттер ретінде жүзеге асырылуда.
Қазақстанда Республиканың әлеуметтік — мәдени дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік — мәдени жолы дегініміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеулі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау», — деп атап көрсеткен болатын.Осы орайда, халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибелерінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктерін Жан-жақты зерттеуде ТМД елдері ғалым – педагогтары Г.С.Виноградов, А.Ф.Хинтибидзе, Г.Н.Волков, А.Э.Измайлов, Е.Л.Христова, А.Ш.Гаизимов, К.Пирлиев және т.б. еңбектерін ерекше атауға болады.
Аталған проблемаға көптеген қазақстандық ғалымдар тарапынан да көңіл бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.Қазақ халық педагогикасы, этнопедагогикасы жөнінде 70-90 жылдар аралығында М.Оршыбеков, А.Х.Мухамбаев, т.б. ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеу еңбектері жарық көрсе, 90-шы жылдардан бастап бұл проблемаға баса назар аударылып көптеген ғылыми жұмыстардың арқауына айналды. Сонымен қатар, қазақ халқының педагогикалық ойларының тарихи қалыптасуы мен дамуы жөнінде Қ.Б.Жарықбаевтың, халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие туралы С.А.Ұзақбаеваның, қазақ халық педагогикасының – ғылыми-педагогикалық негізі жайында С.Қ.Қалиевтің, оқушыларға этностық-мәдени білім берудің ғылыми-педагогикалық негізін арқау еткен Ж.Ж.Наурызбайдың және қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері туралы проблемаларды қарастырған К.Ж.Қожахметованың еңбектері жарық көрді.
Жоғарыда аталған ғылыми-педагогтардың жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде педагогика, халық педагогикасы мұраларына көңіл бөліп, оларды мектеп тәжірибесінде пайдалануға ұмтылуы және қолданудың тиімділігі туралы ойлары, біріншіден, халықтық педагогиканың мәнін терең ұғынып – түсінгенін, екіншіден, халық тәжірибесіне зор сенім артқанын айқындайды. Осы орайда айта кететін бір жайт, көптеген ғылыми – педагогикалық еңбектерде «адамгершілік» терминін ең алғаш қолданып, оны ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинский деген пікір оын алған. Біздің пайымдап, зерттеуімізше, К,Д.Ушинскийдің зерттеуінде «педагогикалық принцип», «адмгершілік тәрбиесі» ұғымдарына баса назар аударылады.
Бүгінгі таңда педагогика ғылымының проблемалары жөнінде жарық көрген еңбектерден «адамгершілік тәрбиесі» түсініктеріне берілген әрқилы анықтамаларды кездестіруге болады. Біз зерттеуімізде сол жүйені негізге ала отырып «адамгершілік» ұғымдары жайындағы анықтамаларға тоқталдық. (кесте – 1).
1 – кесте
А Д А М Г Е Р Ш І Л І К    Т Ә Р Б И Е
Міндеті
Адамгершілік сананы қалыптастырудың негізгі категориялапры: адамгершілік идеал, этикалық норма, моральдық ізгілендіру, этикалық бағалауы Адамгершілік сезімді қалыптастыру жолдары: гуманизм, шыншылдық, борыш, жауапкершілік, шығармашылық, қайрымдылық, көпшілдік, адамдарға деген мейрімділік, сыйласымдық Адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру: этикалық норма, адамгершілік қасиетті қалыптастыру (шындықты айту, біреуге жамандық жасамау, қорғау)

Ж А С А Л У   Ж О Л Д А Р Ы
1. Оқу үрдісінде гуманитарлық пәндерді қолданудың дәрежесін көтеру.
2. Сыныптан тыс жұмыстарда адамгершілік тәрбиеге мән беру, тәрбие құралдары арқылы (мәдени орынлар, құқықтық органдар, денсаулық сақтау мекемесі).
3. Адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру: этикалық норма, адамгершілік қасиетті қалыптастыру (шындықты айту, біреуге жамандық жасамау, қорғау).
4. От басылық тәрбие мен қоғамдық тәрбиенің арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары.
Сонымен, анықтамалардың қайсыбірі болмасын «адамгершілік» ұғымдарының мән-мағынасын түсініп, мазмұнын жан-жақты анықтап, одан әрі дамыта түсуге, тұжырым жасауға негіз болады.
Жалпы «адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы ағыстар бар. Бір ағыс- қаталдыққа жетелесе, екіншісі- мейрімге талпынады» – деген Леккидің сөзінде үлкен мәні бар. Рух – адам боыйндағы күш –құат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен бірге жасайтын игі істердің қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер кездеседі.

Сайлаубаева Б.Е.,
Карымсакова С.Т.
Астана қаласы, әкімдігінің
«№1 Арнайы мектеп – интернаты» КММ
психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.