Home » Айтарым бар » Тлеукабылова С.Т.

Тлеукабылова С.Т.

Тлеукабылова С.Т.
Алматы қаласы,
Жетісу ауданы, Көкжиек ы/а
№175 бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі

«Мемлекеттік шекара»

Мақсаты: Балаларға 18– тамыз шекарашылар күні мерекесін сезіндіру. Елін, жерін қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті №175 бөбекжай-балабақшасының қонақтары шекарашылар күніне арналған қалалық семинарымызға қош келдіңіздер!Ортаға болашақта елін ,жерін қорғайтын жас ұландарды шақырамыз
(балалар залға әуенмен жұптасып кіреді)
Амандасу:
Жүргізуші: Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған шекарашыларымыздың айбыны арта берсін! Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз.
Немересі: Ата , шекарашы деген кім?
Атасы: Е,қарағым, шекарашы мемлекеттің тірегі,елге қорған болар жандар.Олар еліміздің шетінде,желдің өтінде жүріп мемлекеттің шекарасын қадағалайды.
Немересі: Ал, қырағы шекарашы қандай болмақ?
Атасы: балам,ендеше шекарашылар туралы білгің келсе балабақшаға барайық.
(күйдің ырғағымен ата мен немересі кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе,ата! Біздің балабақшаға қош келдіңіз.
Ата: Амансыңдар ма, қарақтарым. «Мың рет естігенше, бір рет көр демекші» осы балабақшада шекарашылар күніне мереке болып жатыр дегенді естіп,өз көзімізбен тамашалауға келдік.
Жүргізуші: Төрлетіңіздер,ата .
(интерактивті тақта арқылы шекарашылар туралы көрсетеді )
1-бала: 1992 жылдың 18 тамызында
«Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы» Жарлығы жарияланды

2-бала: Еліміздің мемлекеттік шекарасын күзетудің басты қаруы–батылдық пен табандылық.

3-бала: Шекарашылар Отан алдындағы борышын адалдықпен,
үлкен жауапкершілікпен атқарады..
Заманауи -техникалық жағынан жабдықталған, заманға сай әскери әдіс-тәсілдердің қыр–сырын білетін, қолданатын адамдар жаңа 21 ғасырдың мамандары.

Жүргізуші:Балалар, Әлимен бірге Қазақстан Республикасына шекаралас мемлекеттермен таныса отырайық
4-бала: Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен. Оңтүстігінде — Түрікменстан , Өзбекстан және Қырғызстан , ал шығысында — Қытаймен шектеседі. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.Шекаралас бес мемлекеттің ұлттық билерінен үзінді
Жүргізуші: Балалар Егеменді, Тәуелсіз,Бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз.
Тәуелсіздік ұлы күнім
Тұрсын жайнап төбемде
Сен жасай бер мәңгі бақи ,
Қуанышқа бөленде- дей отырып
Ән: «Тәуелсіз ел ұланы»
Жүргізуші:
Қазақстан елім менің,
Саған ешбір жер жетпейді
Ұландарың тұрғанда
Шекарадан жау өтпейді-дегендей мемлекеттің тыныштығы, тәуелсіздіктің тірегі үшін жан аямай қызмет қылатын шекарашыларға жүктелген міндет жеңіл емес.Қиын да жауапты қызметті арқалаған қырағы жандардың бір күнімен біздің бүлдіршіндеріміз де танысып қайтты. Ендеше тамашалап көрейік. (саяхаттан слайд)
Жүргізуші: ал енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз елін, жерін қорғау үшін қандай үлес қосып жатыр екен? Байқап көрейік.
«Ел қорғауға әзірміз» әні
Жүргізуші: Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар
Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Қазақтың болашақ ұландарына кезек берейік!

1 – ұлан: Бүлдіршінмін бүгін мен,
Кіп-кішкентай баламын.
Ертең менде өскенде,
Ел қорғауға барамын.

2 – ұлан: Атам – солдат, ал әкем
Капитан, қатал мінезі.
Сендерге достар ант етем,
Генерал болам мен өзім.

3 – ұлан: Ұландар, тізіл, сапқа тұр!
Бастайық енді ойынды.
Болу үшін нақ батыр,
Жаттығу аса қажетті.
Жүргізуші: Елдің шетіндегі сарбаздарымыз батыл , қырағы, шапшаң болу үшін күнделікті жаттығып отырады.
Би: Сарбаздар биі.
(Осы жерде әскери ойындар түрінен қысқаша элементтер көрсету керек).
4 – ұлан: Жауға басын имеген,
Жауыздықты сүймеген.
Ісіңе, Аға, еліктеп,
Ерлігіңді үйренем.
5 – ұлан: Жүреміз даңқты жолдармен,
Қырандар бірге самғаған.
Әзірге титтай болғанмен
Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!
6 – ұлан: Жер бетінде тыныштық!
Жер бетінде туыстық!
Баянды бақыт Адамға!
Орнатуға Далаға!
Сәбилік таза көңілмен

Бәрі: Ант етеміз!
Ант етеміз!
Ант етеміз!
Жүргізуші: Кең байтақ, қазақ елін, жерін, халқын қорғауға дайын болыңдар,
Жас ұландар!
— Әрқашанда дайынбыз!
«Балдырғандар» әні
Жүргізуші: Кең байтақ даламыз, Еуразия материгінің екі бөлігін түйістіре отырып көлемді аумақта орналасқан Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейін созылған қазақ даласында шекарашы жауынгерлердің арқасында тәуелсіздік туын биікке көтеріп ұйқымыз тыныш бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу.
Осымен, осынау ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның тұяғы талатын ұлан –ғайыр аумақты күні- түні күзетіп, аянбай еңбек етіп жүрген шекарашылар мерекесіне арналған мерекелік бағдарламамыз аяқталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.