«Қиын бала» дегеніміз кім?
Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды және жалпы жұртшылықты толғандырады, әрі оған бір-екі ауыз сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз. Өйткені баланың «қиын» аталуы азғана уақыттын нәтижесі емес.
Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңідеріндегі өсу, даму эволюциясынан өтеді. Сол кездерде жанұядағы тәрбиедегі кеткен кемшіліктермен оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан ауытқуына себепші болады. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктер байқайлмай кетіп жатады.
Әсіресе отбасында қалыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шама-шарқына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадір-қасиеті, қоршаған ортаға қөзқарасы, дүниетанымы, олардан алатынәсерлері мен күнделікті әдет-дағдылары) баланың мінез-құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп етеді. Өкінішке орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей емес. Дұрыс жанұя болса да, бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары да кездеседі. Біраз жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады.
Олардан үйренетін жақсы дәстүр – баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермеу, әрі үйдегі үлкенді-кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Баланың жас ерекшілігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандағы бір ерекшілігі, жора – жолдастарымен оңаша сұхбаттасуға, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігібасталады. Сондай сәтте жолдастары кім, қай жерде болады, немен айналысад, түнге қарай мектеп тәртібінде белгіленген уақыттан аспау сияқты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын уысынан шығарып алу қиын емес, Ал бетімен жүрген әсіресе түн жарымға дейін көше торыған қаңғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді немесе баланың соңдайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басында ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді.Ұлы ғалым, философ !бу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның қауіп әкеледі» десе, Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Сембытаева Айтолкын Сембытаевна,
Екібастұз қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы №2
жалпы орта білім беретін мектебінің
әлеуметтік педагогы