Алматы қаласы
КМҚК № 183 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі
Шаметова Галия Аскаровна
Алматы қаласы Білім басқарамасына қарасты Алатау ауданында орналасқан № 183 бөбекжай -балабақшасында Республика күні мерекесі аталып өтті. Балабақша ұжымы болып, бүлдіршіндерді аталмыш мерекеге дайындап, бар өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Балабақшамыздың тәрбиешілері әр топты өздігінше патриоттық ән орындауға, өлең шумақтарын жаттауға сонымен қатар қазақтың ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсуге дайындаған.
Жалпылама айтқанда іс-шараның бағытты ұлттық ойындарды насихаттау болды десем артық айтқандық емес. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балабақшамызда көптеген іс-шаралар өтуде. Соның бірі де бірегейі де бүгінгі мереке. Бүлдіршіндер Қазақ халқының ықылым заманан бері келе жатқан дәстүрлі ойын түрлерін жарыса айтып, сол ойындарды ойнап сайысқа түсті. Тарихы мол бұл ойындардың қай-қайсын алсаң да бүгінгі ұрпаққа берер тәрбиесі мен тағылымы мол. Денсаулықтарына да пайдасы болмаса зияны жоқ.
Бір ғана «арқан тартысты» мысалға алатын болсақ, бұл жерде балалардың біріншіден денесі жаттығады, ал екіншіден жарысып, бәсекелесіп жеңіске ұмтылып, ойын ойнайды. Асық ойындары да солай, асық ойын түрлерін жетік меңгерген балалар бұл ойынға келгенде жандана түсті. Олар «Ханталапай», «Құмар», «Хан», «Омпа», «Алшы» аталған ойындарды жақсы меңгеріп машықтанып алған.
Ұлттық киім киген ұл қыздарымыз, топ-топқа бөлініп, жарысып шатшадыман көкіл күйде болды. Жарсысып жүгірген бүлдіршіндерімізді тамашалаған көрермендер дән риза. Өйткені кіпкішкентай ған жұмыр жүректеріне осыншама патриоттық сезіммен ұлтжандылықты сыйдыра білген балаларға таңқалыстық. Әр ойын ойнаған сайын нәтижесіне асығады, кім жеңді? деп алаңдап, тағы ойнаймыз деп жүгірген балалар сүйсінтеді.
— Мен осы балабақшаның меңгерушісі ретінде өз бүлдіршіндерімді мақтан етемін, олардың әрдайым мерекелік көңіл күйде өнер көрсетулерінің куәсі болып келемін. Республика күні қарсаңында әр бала патриоттық сезіммен жан-жақты өнерлерін көрсетуде.
Бүгінгі өткен іс-шара барысында балалар тек ән айтып, би билеп асық ойнап қана қоймай, қоймай өз деңгейлеріне ылайықталып дайындалған ұлттық ойындар туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл жерде балабақша ұжымының тынбай еңбектеуін көруге болады. олар бала санасына ұлттық тәрбиені де, патриоттық сезімді де сіңіре білген. Себебі; аталмыш мерекенің тақырыбына орай тарихына да үңілген тәрбиеленушілер сұрақтарға мүдірмей жауап беріп жатты. Тәрбиеленушілер бізге осынша тәлім мен тәрбие алған ұрпақтың келешегінен көп үміт күтуге болатынын дәлелдегендей. Балаларды былдырлаған тілінен шыққан мағыналы сөздерді естіген біздер де марқайып қалағанымыз шындық. Қарап тұрып, — балабақша тәрбиемен білімді ұштастыра отырып, саналы да білімді ұрпақ дайындап жатқандығының бірден бір көрінісі дерсің.
Tagged with: Алматы қаласы Қазақстан- Республикам менің! Шаметова Галия Аскаровна