Сулейменова Гүльназ Кайымовна
Ахметова Раушан Дуйсенкуловна
Алматы қаласы
«№75 бөбекжай-балабақшасы»
мектепалды «Балдырған» тобы
тәрбиешілері
«Менің Отаным -Казақстан!»
25 қазан Республика күніне арналған ертеңгілік
Тақпақтар
Жүргізшілер: Құрметті қоңақтар, ата-аналар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен қуттықтаймын! Баршаныызды келіп жеткен 25 қазан Республика күнімен құттықтап, отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, елімізге тыныштық тілеймін!
Дидар
Ақжайық,алтай арасы
Қазақтын шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Каусар
Шолсаң да биік аспаннан
Жарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
Жүргізуші: Әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрығын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Гимн орындалады
Тақпақтар
Жасұлан
Республик күнінде
Ән айтамыз, би билейміз
Қайғы жұтып алаңдап
Мұңаюды білмейміз.
Диана
Көңілге нұр сыйлайтын
Республикам сен менің
Өзің барда биіктеп
Көтерілер еңсем мың
Мансур
Балалармыз бақытты
Мерекені тойлайтын
Республика күнінде
Бар жақсыны ойлайтын.
Әмина
Мен бақытты баламын
Айтқан тілді аламын
Республика күнінде
Жұлдыз болып жанамын.
Расул
Республикам киелі
Соғып тұрар жүрегім
Республикам жасай бер,
Мықты болып тірегің.
Аруа
Республика күні бұл,
Құтты болсын гүл елім.
Көңілімнің нұрысың,
Сен деп соғады жүрегім
«Ұлан байтақ жерім» әні шырқалады.
Алтын адам кіреді
Алтын адам: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Жүргізугші: Сәлеметсіз бе, Алтын адам, Төрлетіңіз!
Балалар бұл сақ жауынгері Алтын адам біздің қазынамыз.
Алтын адам: Мен Елімді аралап жүріп, сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қандай топтың бақытты балалары екенің білейін деп келдім.
Жүргізіші: Олай болса,қош келдіңіз! Мектепалды «Балдырған» тобының бүлдіршіндері 25 қазан Республика күніне арналған ертеңгілігін тамашалаңыз қонақтарымызбен бірге.
Алтын адам: Балалар, сендер өте көңілді, әрі бақытты көріңесіндер. Сеңдердің Отандарың,қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Алтын адам::Президенттерің кім?
Балалар: Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.
Алтын адам::Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіндер ме?
Балалар: Ту, Әнұран және Елтаңбамыз бар
Алтын адам::Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл-қыздары екеңдерінді қалай дәлелдейсіндер?
Жүргізуші: Біздің балалар тақпақтар арқылы айтып дәлелдейді.
Ұлдардың «Батырлар» биін қарсы алыңыздар
Балалардың тақпақтарына кезек берейік:
Томирис
Республикам жасай бер,
Атар таңын бақ сыйлап.
Тәуелсіз ел жасай бер
Қуанышты күй сыйлап
Алихан
Республика күні бұл
Шаттығымды кеңейтер
Қазағымның үні бұл,
Тынысымды кеңейтер.
Еркежан
Құтты болсын қазағым,
Республика күні бұл
Мерейлі де тәуелсіз,
Қазағымның үні бұл.
Алтын адам:: Балалар, сендердің көңілдеріңді көтеріп, ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Алтын қақпа»
Алтын адам:: Жарайсыңдар,балалар,өркеңдерің өссін,талаптарың оң болсын меніңде қайтатын уақытым болды.Сендерге тілейтінім білімді,ақылды,елдің азаматтары болындар. Көріскенше, сау болындар!
Балалар:Рахмет, сізге, сау болыңыз!
Ән: «Елімнің ертеңгі иесі біз»
Тақпақтар мен мақалдарға кезек береміз
Бауыржан
Республикам ғажабым,
Артсын даңқың ажарың
Қазақ елі жанданып,
Таусылмасын базарың.
Омар
Республикам сен барда
Түспес менің көңілім.
Тәуелсіз ел айбыным,
Шуақ берер айбыным.
Айзада
Отан-ана
Отан-Жер
Отан-дана
Отан-ел
Диас
Отанды сүю,
Отанға қызмет ету
Арлан
Біздің халқымыз үшін
Отан бәрінен қымбат
Аслан
Отансыз адам
Ормансыз-бұлбұл
Олжас
Отан-елдің анасы
Ел-ердің анасы
Бекназар
Отан-оттан да ыстық
Амир
Кісі елінде сұлтан болғанша
Өз еліңде ұлтан бол
Расул
Отан-сенің ата-анаң
Отан-досың, бауырың
Отан-өлкең Астанаң.
Отан- аудан, ауылың.
Қыздарымыздың «Домбыра» биі
Флэшмоб
Ата-аналармен бірге Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындау.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекемізді аяқтай отырып, аспанымыз ашық,заманымыз тыныш болсын дейміз! Сау, болыңыздар!