Кушанова Зарипа Маккамовна
Алматы қаласы
КМҚК «№ 75 бөбекжай-балабақша»
мектепалды «Ақбұлақ» тобы
тәрбиешісі
«Қазақстан туған елім-ұлы өлкем»
25 қазан Республика күніне арналған ертеңгілік
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиеші:Құрметті балалар! Бүгін біз сендермен салтанатты мерекеміз Республика күнін атап өткелі отырмыз. Республика күні құтты болсын, Егемен еліміздің ертеңгілігін Гимнмен бастайық.
ҚР-ның Гимн.
Сөзін жаззғандар:Н.Назарбаев,Ж.Нәжімеденов.
Музыкасын жазған:Ш.Қалдаяқов.
Мерекені әрі қарай Отан туралы тақпақтармен жалғастырайық:
Дамир: Отан деген – атамекен
Отан деген — туған ел
Отан — ана
Отан — үлкен,
Қазақстан — туған ел!
Дария:Аялап ,Ару ананы.
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен.
Отаным Қазақстаным.
Вахтанг: Сарқылмайтын қуатым.
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын .
Жүрегімсің Қазақстан.
Тәрбиеші:Күміс ән мен күйге толып тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасын.
Республика күні бүгін ұлы той-деп балаларымыздың орындауында
«Менің Отанымым» әнін қабыл алыңыздар.
Ән :«Менің Отаным» (жарты шеңберге тұрып орындайды)
Шұғыла: Біз Отанның гүліміз.
Туған жердің нұрымыз.
Әсем біздің еліміз.
Қазақстан бай жеріміз.
Халид:Бақыт елі бұл- Отан .
Бәріне мен иемін.
Біздің Отан –ұлы отан.
Ұлы Отанды сүйемін.
Саяжан:Отан сенің ата анаң .
Отан досың бауырың.
Отан өлкем астанам.
Отан туған ауылым.
Ойын: «Аспаптарды үнінен таны»
Мақсаты:Музыкалық аспаптардың дауысынан ажаратып аттарын атап беру керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? Балалар:Астана.
Тәрбиеші: —Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Тәрбиеші: Ал, еліміздің мемлекеттік рәміздерін кім айтады?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: —Дұрыс, мемлекеттің рәміздері: елтаңба, ту, әнұран жатады. Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін.
Ақназар:Мынау- Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.
Даниял Елтаңба: ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ. Шаңырақ бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер: Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.
Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Тәрбиеші: -Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді? (ортаға рәміздер жайында білетін тақпақтарды айтады)
Аслан:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Алижан:Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Адиля:Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Би: :«Құрақ көрпе»(қыздардың биі)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Ал енді балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл болады?
Балалар : Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Тәрбиеші:Қазақстан,қазақстан алтын күн.
Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен қазақ деген халқыңның –деп балаларымыздың орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар
Ән :«Қазақстан»(жарты шеңберге тұрып орындайды)
Альмира:Республика күні бұл.
Мерекеміз мерейлі.
Тақпақ айтып жаттаймыз.
Тақылдатып көмейді.
Алихан:Республика күні бұл.
Құтты болсын гүл елім.
Көңілімнің нұрысың.
Сен деп соғады жүрегім.
Досхан:Құтты болсын бүгінгі.
Республика күні бұл.
Әр қазақтың лүпілдер,
Жүрегінің үні бұл.
Данай:Республика бақытым.
Мерекеге бастайтын.
Құтты болсын күн бүгін
Шаттығымды растайтын.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Би: :«Қамшымен»(ұлдардың биі)
Ән: « Отаным» (4қатарға тұрып орындайды)
Балалар бүгінгі ертеңгілігімізде Дәулеткерейдің күйі« Қосалқы» оркестрде ойнап берейік.. Оркестр «Қосалқы»
Тәрбиеші: Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп,еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын.