Күзгі каникул жоспарына сәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназияның оқу ісі менгерушісі Нұржан Асетовнаның жетекшілігімен бастауыш сынып мұғалімдері: Гүлнаш Құсайынова, Дариға Елубаева, Индира Тоқтар «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру әдістері мен құралдарын талқылау, тәжірибе алмасу және жаңа тәсілдерді зерттеу. Міндеттері: Функционалдық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіру; Әр сынып деңгейіне сәйкес әдістемелер мен әдістерді талқылау; Ұстаздардың функционалдық сауаттылықты дамытудағы рөліне назар аудару.
Оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез- келген жағдайда пайдалана білуге ықпал жасау.
Дөңгелек үстел барысында Н.Ақылбекова іс-шараның мақсаты мен маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Спикер Индира Тоқтарқызы ең алдымен қарапайым өмірде бір — бірімізге ұялы телефоннан хат жазғандағы кетіп жатқан қателерден басталатынын, ұсақ қате деп немқұрайлы қарайтын салғырттығымыз, тілімізге алапат опат әкелетіндігі туралы айтып, ұялы байланыстағы бала тілінің шұбарлануына және қате жазуға бейімделетін сөздерді қолдана хабар жазудың зияны туралы айтып, бұл мәселе үлкен талқыға түсті. Осы мәселеден туындаған 3 сұрақ ортаға қойылды.
1)Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделудің шарты,
2) Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамудың өлшемі,
3) Оқушылардың білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы.
Осы берілген тапсырмаларды жан — жақты талқылап, олқылықтармен қалай жұмыс жасалу жолдары қарастырылып, ойларын бір арнаға тоғыстырып, күрделі мәселелерден шығу жолдары туралы сөз қозғалды. Ұстаздарға Гүлнаш Құсайынова оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда не істеу керектігі?, жайында өз тәжірибелермен бөліссе, Дариға Елубаева «функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістері мен құралдары — ойындар, интерактивті тапсырмалар, зерттеу жұмыстары» екені жайлы өз тәжірибесімен бөлісті. Әр сынып деңгейіне сәйкес сауаттылықты дамыту ерекшеліктері — әр сыныпқа арналған әдістердің ерекшеліктері туралы пікірсайыс болып, семинарға қатысушыларға практикалық тапсырмалар беріліп, оқушыларға арналған нақты өмірден алынған мысалдар арқылы шешімі күрделі мәселелер қаралды.
Білімнің іргетасы бастауыш сыныптан қаланатыны белгілі, сондықтан бастауыш сынып оқушыларының бүгінгі заман талабына сай функциональдық сауаттылығын арттыру әр мұғалім алдындағы үлкен парыз. Осы орайда оқушылар мен ата-аналардың оқуға қатынасын диагностикалау, мектеп тарапынан оқу үдерісіне қажетті ғылыми зерттеушілік жұмыстар жасалынып, ашық есік күндері, олқылықтың алдын алу жоспарлары, үлгерімі төмен оқушымен жасалатын жұмыстардың мектеп сапасын өсіруге ықпалы болатынын атап өткен Н.Ақылбекова жас мамандарға «ерінбеуге, үйренуден жалықпауға» шақырды. Зерттеуші-педагогтар Г.Құсайынова, Д.Елубаева, И.Тоқтар –әр мұғалім өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда өздік жұмыс жасау, ойларын еркін жеткізуге рольдік ойындардың талпынысын арттыратыны туралы атап өтті.
Алдағы уақыттада осындай тақырыптар аясында семинар, дөңгелек үстел, әңгіме дебат болып тұруларына ұсыныстарын айтып тарасты.
Елубаева Дариха Калыковна.
Тоқтар Индира Тоқтарқызы.
Кусаинова Гульнаш Кусмановна