Home » Мақалалар » Жүрегім- толы мейірім

Жүрегім- толы мейірім

Жүрегім- толы мейірім

«Мектепке барар жол» атты қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда…
Қазақстан Республикасы 2007 жылдың 27 шілдедегі  «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында  әлеуметтік  жағынан  қорғалмаған  және  күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан  оқушыларға қаржылай  және материалдық көмек көрсетуді  қолға алып отырғалы  осымен он үшінші жыл болады.
Осыған орай жыл сайын өткізілетін «Мектепке барар жол» акциясы 2020-2021 оқу жылында дәстүрлі түрде өз жалғасын табады.  Алматы  қаласы Түрксіб ауданының №49 жалпы білім беретін  мектептің сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагог бірлесіп жұмыс атқару арқылы жетім, жартылай жетім және  көп балалы  отбасынан шыққан, сәтсіз отбасынан шыққан білім алушылардың толық тізімі жасалынып, сынып жетекшілер мен мектептегі  ата-аналардың қолдауымен 16 оқушыға 160 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде, 20 мың теңге ақшалай көмек ретінде, 56 мың теңгеге киім-кешек сатып алынды, 54 мың теңгеге — азық-түлік және 30 мың теңгеге оқуға қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
 Аталған іс- шараның басты шарты-жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан шәкірттердің  біліміне қажетті оқу құрал – жабықтарымен, киім – кешектерімен толық  қамту болатын. «Мектепке барар жол» акциясында мектеп ұстаздары мен ата –аналар өз белсенділіктерін көрсетіп, аталған  шараға жаппай ат салысты.
Істелінген игі істің, ізгі ілтипаттардың  жасалуы оқушылардың  жүрегіне жылу, көңілдеріне  қуаныш ұялатып, алаңсыз білім ала алатындығын дәлелдегендей. Осы акцияны  ұйымдастырып,  қамқорлық көрсетуге  қайырымды іс жасаған, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ата – аналар  мен мұғалімдердің қуанышында шек болмады.
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық жасаудан жалықпайық!
Алматы қаласы №49 ЖББМ
Әлеуметтік педагог
Сәрсенбі Маржан Маратқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.