Home » Мақалалар » «Су патшалығы»жазғы сауықтыру шарасы

«Су патшалығы»жазғы сауықтыру шарасы

Абдуажитова Гүлсезім Нұржанқызы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
№18 балабақша әдіскері

 «Су патшалығы»жазғы сауықтыру шарасы

   Жаз мезгілі – балаларды сауықтырып және физикалық дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі қолға алынатын маусымдық уақыт кезеңі. Жазғы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың таза ауада болуы, уақытын тиімді пайдалануы – олардың денсаулығына оң ықпалын тигізе отырып, тұлғалық қабілетінің дамуына да әсер етеді. Бұл уақыттағы біздің негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан ағзаның демалуға, шығармашылық белсенділікке және қозғалысқа деген қажеттілігін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру. Сауықтыру, танымдық және ойын-сауық сипатындағы іс-шаралардың нақты жоспарланған жүйесі балалардың физикалық және психикалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге көмектесуін қадағалай отырып ұйымдастырылады.

Осы орайда  Алматы қалалық білім басқармасына қарасты, Алмалы ауданында орналасқан  №18 балабақша ұжымы да бүлдіршіндерге  арнап, түрлі тақырыптарда жазғы  сауықтыру шараларын ұйымдастыруда.  Балабақшада өткен әр мерекенің орны ерекше. Балабақшаның  жазғы сауықтыру- шынықтыру жұмыс жоспарын негізге ала отырып, әдіскер  Абдуажитова Гүлсезім Нұржанқызы  мен ересек топтарының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен    «Су патшалығы» күні,   мерекесі өткізілді. Балалар  күнге қыздырынып, массажды төсеніштермен жүріп, хауызға түсуден   жалықпады.  Балаларға су  патшасы  Нептун қонаққа келіп, балаларға керемет көңіл күй, эмоция  сыйлады. Тәрбиешілердің  ұйымдастыруымен  балалар хауызда   «Медуза» биін билеп, суда балық аулап көңіл көтерді.  «Су ханшайымы» биін билеп, сабын көпіршіктерінен түрлі көлемдегі көпіршіктер шығарып бір-бірімен жарысты. Балалар өздерінің үрлеген көпіршіктері қаншалықты биікке ұшса соншалықты мәз болып, көңілдеріне қанат біткендей, шаттана секіріп мәз болды. Осы  сауықтыру шараны өткізуге балабақша тәрбиешілері:   Молдабаева Б.А. Айдарбекова Ғ.А.Журкабаева  Н.К.   көп  үлестерін қосты.

   

Ұжымдағы тәрбиешілеріміздің ұйымдастырумен, жаз мезгілінде  балаларымызға  арналған осындай сауықтыру түрін өткіздік. Күннің ыстығында  балалар суға жүзіп, қызықты ойындар ойнап бір марқайып қалды. Біздің негізгі мақсатымыз-кішкентай бүлдіршіндерімізге  көтеріңкі көңіл күй мен сауықтыру шаралары арқылы десаулығын нығайту.  Қауызға түсіп, күнге қыздырынып, массажды төсеніштермен  жалаңаяқ  жүру арқылы  өскелең ұрпақтың денсаулығы мықты болып  өскенін қалаймыз. Осындай сауықтыру  шарасын  ұжым да, ата-аналарда қолдап   өткізіп отырмыз. Балабақшамыздағы  балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, шынықтыру және тәрбиелеу  біздің басты мақсатымыз  бен міндетіміз -деді балабақша меңгерушісі  Тұрғымбаева Е.С.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.