Алматы қаласы Білім басқармасы
«N144 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі
Ахметова Раушан Мешитбаевна
2024 жылдың мамыр айында Алматы қаласы Білім басқармасы Әуезов ауданы КМҚК «№144 бөбекжай- балабақшасында» «Менің танымдық әлемім” атты педагог-психологтар арасында семинар өткізілді.
Семинар барысында балалардың танымдық үрдістерін ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, дамытуға болатынын көрсетті.
Семинарда түрлі ұлттық ойындарды ойната отырып, соның ішінде; қамшы өру,құрт жасау, түскиіз жасау арқылы бала зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін, ұсақ маторикасын, ойлау сияқты үрдістерді дамытуға болатынын көрсете отырып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Ата балалармен қамшыны өруді үйретіп қана қоймай, қамшы туралы балаларға мағлұмат берді: «Қамшы-қазақ халқының байырғы кездегі шаруашылық, мәдени өмірінде аса кең тараған, көлікті айдап жүргізу үшін қолданылатын, таспадан әртүрлі нұсқада түйіп, тобылғы немесе басқа затқа саптап жасаған ежелгі ат айдауыш құралдардың бірі, ер-тұрманның бір құрамы.
Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоқтығын білгізбейді.
Қазанат қамшы тигізбейді дегеніміз, жүйрік ат қамшы тигізбей-ақ шабады. Азамат жоқтығын білдірмейді дегеніміз, ер адам алыс сапарға шығып кеткенде өзінің жоқтығын білдірмес үшін төрге қамшы іліп кеткен.»
Қыздар әжеге көмекте отырсып, оюлар қандай түстерден екенін, әр оюдың сәйкесін тауып орналастыра отырып, әженің түскиіз туралы әңгімесін тыңдады: «Түскиізді жасай отырып, өзімізді дамытады екенбіз. Түскиіз – үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Түскиіз аталған. Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т. б.) жасалады.
Қыз өссе елдің көркі,
гүл өссе жердің көркі-деген дана халқым»-деп әңгімесін аяқтады.
Оюдың өзі балалардың дамуларыңа көп пайдасын тигізеді. Оюдың түстерін тауып, оны орнына орналастыру арқылы, есте сақтау, ұсақ маторика, зейіннің тұрақтылығын, тілді дамытады екенбіз. Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз балалардың тілдерінің анық шығуының себебін білген. Ұл балалар аталарының, әкелерінің жанында жүріп, көмектескен. Сол арқылы олардың дамуында тез болған. Ойлау, сөйлеу, ұсақ маторикасы жақсы жағынан дамыған.Қамшы жасап отырып, ұсақ маторикасы, атасымен сөйлесе отырып тілдің дамуы, зейіннің тұрақталуы үрдістері дамып отырған. Әрбір үлкенге көмектесе отырып, ойын арқылы дамыған. Құрт жасау арқылы, ұсақ саусақ моторикасын және тілді шыңдауға болады екен. Ал тілді шыңдау — ақыл-ойды да шыңдау деген сөз.Ұлдар да, қыздарда құрт жасап, алақан нүктелерін және саусақ ұшындағы нүктелерді де ояттты. Ұсақ моториканы дамыту барысында балалар мынадай нәтижелерге жетеді:
- Сөйлеу тілі жетіледі.
- Қимыл-қозғалыс қабілеті артады.
- Икемділігі арта түседі.
- Логикалық ойлау қабілеті дамиды.
- Танымдылық деңгейі артады.