Home » Мақалалар » Жаңа Қазақстан: Жақсы мұғалім

Жаңа Қазақстан: Жақсы мұғалім

Касимова Асия Бактияровна
Ұлытау облысы білім басқармасының
Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
» Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні орыс сыныптарында


Жаңа Қазақстан: Жақсы мұғалім

Заманды да, техниканы да дамытып түрлендіретін- адамзат. Ал адамзаттың ең ұлысы-ұстаз екені баршамызға белгілі.   «Ұстаз- халықтың нық тірегі» дегендей кез келген оқыған адам, ұстаз да, патша да, дәрігер де барлық мамандық иелері ұстаздың алдын көріп, ұстаздан тәлім алары анық. Елдің жаңаруына тікелей субъектив ол халық, ал халықтың жаңаруына субъектив ол ұстаз болып табылады. Тура мағынада айтатын болсақ еліміздің гүлдеп жайнауы ұстаздардың қолында. Осы орайда М.Жұмабаевтың мына бір керемет сөзін айта кетуіміз қателік болмас: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. «Мағжан ақынның сөзіне Ыбырай Алтынсариннің мына сөзін кілтсөз ретінде алсақ қателеспейміз «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі». Жоғарыда аталған сөздерді назарға ала отырып, ұстаздарды жақсы тыңдап, айтқанын орындап, тәрбиелі болып өскен жас ұрпақ болашақта елімізді де биік дәрежеге шығарады деген сенім білдіре аламыз. Ұстаз ұлылықтың, тектіліктің, мәрттіктің символы, ал ел болу үшін «оның ішінде заманға сай, өркениеті дамыған елдермен тереземіз тең болған ел болу үшін жоғарыда келтірілген үш сөзде халқымыздың әр азаматына қажетті қасиеттер болып табылады. Ондай қасиеттерді тек қана жақсы ұстаз бен ұлағатты мұғалімнен ғана ала аламыз. Бабаларымыз  «тәрбие- тал бесіктен «-, деп босқа айтпағандай балаларымызды өзіміз танып білетін жақсы мұғалімнің қолына тапсырсақ дамыған 30 елдің қатарына әбден оңай әрі тез енеміз деп нық сенім мен айта аламыз.

Ең әуелі біз ұстаздарға талап қоймай жатып, жаңа Қазақстан мектептері қандай болу керек деген сұрақтың жауабын тауып алайық. Жаңа Қазақстан мектептері интерактивті, озық үлгідегі көрнекілік, технологиялық және лабораториялық құрылғылармен жабдықталған болу керек. Қазіргі кезде елімізде біраз проблемалық жағдайды туындатып тұрған интернет желілік мәселесі. Осы мәселелер түгелдей дерлік шешілгенде нақты жүктемелер мұғалімге түсіріледі.  Мұғалім оқушылары үшін ешқашан аянып қалған жан емес. Өз бойындағы барлық жақсы қасиеттер мен қоса үздік білімді де қатар беретін ұлы тұлға. Оған мысал ретінде ұлы Абай атамыздың мына өлеңін келтіруге болады: «Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.»

Жаңа мұғалімі кез келген ауыpтпалықты өзіне қaбылдaй отыpып, тәyекелге баpyға дайын бoлу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеп оны жан-жақты аша білу керек. Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Яғни педагогикалық әдеп тұла бойында қалыптасуы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелегентті тұлға болуы керек. Өйткені қазір қоғамда жастар әр әрекеттен үлгі алуға асығады. Ал көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – мұғалім. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды.  Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі. Жоғарыда мұғалімге қойылған талаптар әр мұғалімнің бойынан табылып, оны оқушыға бере алса, онда заманымыз жарқын, еліміз озық болары айдан-анық. Жаңа Қазақстан құрудағы мұғалімнің орасан еңбектері осылар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.