Home » Балабақша » Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының құзіреттілік орталықтарын ұйымдастыру

Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының құзіреттілік орталықтарын ұйымдастыру

Алматы қаласы Білім басқармасы КМҚК «№83 бөбекжай-балабақшасында» «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының құзіреттілік орталықтарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Бостандық ауданы Білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы және Бостандық ауданы балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.

Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған №83 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Кульгайша Адылхановна келген қонақтарды семинардың өтілу барысымен таныстырды.

Семинар барысында балабақшаның психологі Калдыгулова Б.О. семинарға қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру, оларға шығармашылық шабыт беруде және бір-біріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату мақсатында тренинг өткізді.

Семинардың әр қатысушысы өзінің әдістемелік қоржынын  балабақшалардағы әріптестерінің жинақталған тәжірибесімен толықтырды. Балабақша педагогтері қатысушыларға тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижелерін бөлісті, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын, ойын оқыту әдістеріне негізделген педагогтер мен балалар арасындағы тәжірибелік өзара әрекеттесу негіздерін, шеберлік сыныптарын көрсетті, сонымен қатар балалардың шығармашылықтарын паш етті.

 
Балабақша жаңа инновациялы- шығармашылық бағытын кеңінен қолданады. Атап айтсақ, қол моторикасын дамытуға арналған «әртүрлі жіптерді өру тәсілдерін» пайдалануда, арт терапияның түр-түрі қолданыста, балабақша театры да жұмыс жасап тұр. Семинар қатысушыларына шығармашылық бұрыштар да таныстырылды. Көздің жауын алатын бұйымдарды балалар мен ата-аналар бірлесіп жасаған екен. Ал бұл балабақша мен ата-ананың тығыз байланысты екенінің дәлелі.

 
Бала бақша-бала бақса, білімнің шамын жақса ізгілік емес па?!
№83 бөбекжай-балабақшасының семинарлар мен іс-шаралар өткізуге төселгені көрініп-ақ тұр. Балабақшаның әр бұрышы меңгеруші мен ұжымның еңбегінің жемісін көрсетіп, “бізді көріңдер” деп сөйлеп тұрғандай.

Тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен тиянақты білім беруде қанаттарыңыз талмасын. Шығармашылықтарыңыз шыңдала беруін тілейміз.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
журналист Ақерке Аманқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.