Home » Ашық сабақтар » «Қызғалдақ» ортаңғы тобының  ұйымдастырылған  оқу қызметінің технологиялық  картасы

«Қызғалдақ» ортаңғы тобының  ұйымдастырылған  оқу қызметінің технологиялық  картасы

ШҚО Семей қаласы
Шүлбі кенті
«Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық
білім және тәрбие беру мектеп-кешені»
КММ жанынан ашылған шағын орталық тәрбиешісі
Ургереева Мөлдір Төлегенқызы

 

 

Білім беру салалары:  Таным

Бөлімдері: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 1-4 сандары туралы өткенді пысықтау.

Мақсаты: 4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау.  1-4 цифырларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Бір-бірінің жауабын тыңдауға, сыйлауға  тәрбиелеу.

Әдіс — тәсілдері: Слайд,сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру, таратпа материалдар.

Тәрбиеші:Балалар , байқайсындар ма, бүгін бізге топқа қонақ апйлар келіп қалыпты.

Енді біз апайларға жақсы балалар екенімізді көрсетіп амандасайықшы. (амандасу рәсімі үш тілде)

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан әр күнге!

(Балалар іс- қимылдары арқылы көтеріңкі көңіл күй көтерді)

Тәрбиеші: Балалар, менде сендерге арналған тамаша сыйлығым бар,Бірақ оны тек ақылды сабаққа жақсы қатсықан тәртіпті болып отырған балаға беремін. Алғыларың келе ме?

Жыл мезгілін неше ай екенін сұрау.Видео қосу, санату,талдау жасау

1 — тапсырма:1 — 4- ге дейін тура және кері санату

(Балалар 1 – 4ге  дейін тура және кері санап шығады).

2 — тапсырма: «Санын тауып боя»

Үлестірмелі материал арқылы әр  баламен жеке жұмыс.

Саусақ жаттығуы

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орайды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

3 — ші тапсырма «Шыршаны безендір»

3-4 бала шығып шыршаға тәрбиеші айтқан сан бойынша ойыншық іледі.

4  тапсырма: Мозайка құрату

5  тапсырма: «Салыстыр»

1-4 сандарын салыстыру.

 1-4 аралығында жасалған жемістерді тауып, не үшін сол жемісті таңдағанын айтады.

Тәрбиеші:-Балалар  бүгін сендермен оқу қызметінде не істедік? қандай тапсырмалар орындадық?
(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.)

— Жарайсыңдар, балалар, сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадындар, білімдеріңді көрсеттіңдер .Сендерге әкелген жұлдызшаларымды табыс етемін.Барлықтарын жақсы белсене қатыстындар.Рахмет.

Әр баланы жеке жеке мадақтап, қортындылау

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.