“Ұлт кодын ресурс ретінде сақтау “
Алматы қаласы Бостандық ауданы №45 мектебінде
«Оқитын мектеп» жобасы аясында
Ұлт кодын» ресурс ретінде сақтау» іс-шарасы өтеді. Заманымыздың аңызына айналған тұлғасы, Қазақстан тарихы, табиғаты мен мәдениеті туралы балалар кітаптардың авторы Ольга Гумировамен кездесу ұйымдасты. Кездесуде 6 және 7 сынып оқушылары жазушы және журналист шығармашылығымен таныс, етене қолданыста екенін нақты көрсетті. Өлеңдер оқылып, шығармалары бойынша сахналық қойылымдар қойылды. Ольга Гумированың кітаптары өткен өмірге оралып, естеліктерді көз алдымызға әкелді. Іс-шараның бірінші бөлімі кітапханада ұйымдастырылды. Кітапхана — бұл біздің мектептің жүрегі. Арнайы жабдықталған
жарық және жайлы бөлме. Енді ғана сарқылмас білім көзіне қосыла бастаған жас оқырмандарды өзіне тартумен қатар, оларға электрондық кітаптарға Q-R коды бойынша қалай кіруге болатын үйретеді. Дәлізде және орындықтарда Қазақстан туралы түрлі түсті парақта ресімделген кітаптарды тамашалап отырған балақайлар мен жасөспірімдерді көре аласыз.
Кітаптарға әрқашан қол жеткізуге болады. Ал тауға қарайтын кітапхана терезесі балаларды біздің өлкеміздің табиғи және мәдени байлығы туралы қызықты әңгімеге шақырады, ал оның нәтижесін балалардың шығармашылық жұмыстары: картиналар, өлеңдер, әндер арқылы көруге болады. Мектеп кітапханасында «Сөйлесу клубына» тіркелуге болады. Онда жоғары сынып оқушыларын толғандыратын өзекті мәселелер: Мысалы, қазірдің өзінде » Ядролық өнеркәсіптің тәуекелдері: «Қазақстанда атом электр станциясын салу керек пе?» немесе» Стартаптар байқауы» талқыланады. Сейсенбіде Абай Құнанбаев пен Мұқағали Мақатаевтың «Абайдың қара сөздері», «Үш бақытым», сияқты шығармаларынан үзінділер оқылады.
Біздің іс-шараның екінші бөлімі — бұл проектіміздің келесі форматы «Оқитын мектеп» жобасы. Біз оны «жүгіретін кітап»деп атадық. Мұнда біз ұлттық кодтың «Квиз плиз» форматындағы болашағы туралы, баспа басылымдары мен кітаптарының «Болу немесе болмауы» туралы пікірталастар өткіземіз. Біздің қонағымыз Ольга Николаевна төрешілер құрметті мүшесі ретінде қатысады. Біздің іс-шараның дәл осы бөлігінде орта мектеп оқушылары Қазақстанның ұлттық кодының болашағы қаншалықты олардың «Оқитын мектеп» проектісіне байланысты екенін көрсетеді және де біздің кітапхана қорын сақтауға біздің электронды платформалар көмектеседі.
Алматы қаласы Бостандық ауданы
№45 орта мектеп директоры
Уткеева Айнур Омаровна