Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
Сисенов Дархан Алдонгарович.
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының СГБ ж/е ҚТРБ бөлімінің жетекші маманы:
Мустафаева Айгерим Манасовна.
Денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға,залалсыздандыруға,сақтауға қойылатын сан-эпид талаптар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1979 жылы медициналық қалдықтарды (МҚ) қауіпті топқа жатқызды және оларды қайта өңдеу бойынша арнайы қызмет түрін құру қажеттілігін көрсетті.
Базель конвекциясы – 1989 жылы қабылданған халықаралық құжат. Қазақстан Конвекцияға 2003 жылы қосылды. Конвекцияның мақсаты: қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және олардың шығарылуын бақылау. Адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қауіпті қалдықтарды өндіру, пайдалану, трансшекаралық тасымалдау және жою салдарынан болатын зиянды әсерлерден қорғауға арналған.
Медициналық қалдықтардың сыныптамасы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес айқындалады. Денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» болып анықталады.
Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау және денсаулық сақтау объектілерінен шығару денсаулық сақтау объектісінің басшысы бекіткен Қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасына сәйкес орындалады, ол:
1) сыныптары бойынша пайда болатын қалдықтардың құрамын;
2) медициналық қалдықтарды жинау тәртібін;
3) қалдықтарды зарарсыздандырудың (залалсыздандырудың) және жоюдың қолданылатын тәсілдерін;
4) қалдықтармен жұмыс істеу схемасын;
5) персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқытуды көздейді.
Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында Денсаулық сақтау объектісі басшысының бұйрығымен медициналық қалдықтарға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты тұлға тағайындалады. Медициналық ұйымның жауапты тұлғасы пайда болған медициналық қалдықтардың күнделікті есебін журналда жүргізеді. Персонал санитарлық киімдер мен ЖҚҚ жиынтықтарымен (халаттар, комбинезондар, қолғаптар, маскалар, респираторлар, арнайы аяқ киім, алжапқыштар, жеңдер) қамтамасыз етіледі.