«Алғыс айту – парызым»

 

 

 

 

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, ата-аналар! Сүйкімді бүлдіршіндер! «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер! Елбасының Жарлығымен 1 наурыз «Алғыс айту күні» деп бекітілді. Бұл датаның таңдалуы бекер емес. Осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Жалпы ХХ ғасырдың басында қазақ жеріне 5 жарым млн-нан астам адам жер аударылған. Сол жылдары қазақ халқы қуғын-сүргінге ұшыраған ұлттарға көмек қолын ұсынған. Сол себепті де этномәдени орталықтардың өкілдері бүгінде «Алғыс айту күні қазақстандықтарды бір-біріне жақындастырып, біртектілік пен біртұтастықты нығайта түседі» деп санайды.

Ән: «Елімді мен сүйемін»
Инабат: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Асылы: Мой Казахстан!
Ты славный выбрал путь.
Путь мира и добра!
И мы поэтому пути,
С тобою навсегда!
Әмірхан: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ — қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра.
Би: «Домбыра»
Жүргізуші: – Бірнеше өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау заманда өзге деп өгейсімей бауырына басып, барын алдына тосқан қазақтарға жүрекжарды алғыстарын жеткізеді. (Бүлдіршіндер өзге ұлт өкілдері болып киініп шығады)
Орыс: Аспанымыз ашық болсын!
Елімізде татулық болсын!
Үнді: Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға алғысымыз шексіз!
Татар: Ұлт, нәсілге қарамай кең құшақ жайған Қазақ халқына алғыс айтамын.!
Кәріс: Ата-бабамды бауырға басқаны үшін алғысымыз шексіз!
Өзбек: Өзіңнен туған баладай қарағаны үшін алғысымыз шексіз!
Украин: Бейбіт заман орнатқаны үшін Қазақ халқына алғыс айтамын!
Ағылшын:Ұлттың азаматы бол деп Үш тілділікті дамытқаны үшін алғыс айтамын!
Грузин: Тіл мен дінді танытқаны үшін Қазақ халқына алғыс айтамын!
Жүргізуші: – Сонымен қатар бүгін біздер бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтуымыз керек.
(слайд арқылы суреттер көрсету)
1-бала: Анаға – өмір сыйлағаны үшін!
2-бала: Әкеге — қорған болғаны үшін!
3-бала: Атаға — бәйтерек болғаны үшін!
4-бала: Әжеге — ыстық алақаны үшін!
5-бала: Досқа — құшағы мол, жанашыр болғаны үшін!
6-бала: Күнге — шуағы мен назары үшін!
7-бала: Жұлдызға — қараңғы түнде жарығы үшін!
8-бала: Суға — тіршілік көзі болғаны үшін!
9-бала: Жерге — тіршілік әлемін сыйлағаны үшін!
10-бала: Отқа — жылулығы үшін!
11-бала: Далаға — гүлдері мен көк шалғыны үшін!
Бәрі бірге: А Л Ғ Ы С А Й Т А М ЫЗ!
Би: «Радуга»
Жүргізуші: Алғыс айту – парызым ! Балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Ән: «Балабақша»
Жамал әжей «Жақсылық пен жамандық» ертегісін айтып береді.
Жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ.
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Би: «Жігіттер»
Жүргізуші: – Ризашылық — адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
Балалар: Ризамын,бүгінге!
Ризамын, Ризамын, Ризамын бүгінге!
Жүргізуші:
Ұжымға үлкен рахмет
Табылған әркез қасымнан!
Бақты асырған басымнан
Ата-ана сізге рахмет!
Жамандығымды жасырған
Жақсылығымды асырған
Аллаға сансыз рахмет!
Байлық жоқ, сірә, осыдан.
Жүргізуші: – Қымбатты ата-аналарым, әріптестерім, балапандарым! Жылы сөз, қайырымды және жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешқашан аямадыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтадыңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреттіңіздер. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айттыңыздар.
Сіздерге мың алғыс!
(Ата-аналарға алғыс хат табыстау)
Ән: «Өз елім» (хор)
– «Алғыс айту — парызым» атты мерекелік шара аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет! Бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!

Иманалиева Жанна Дүзелбайқызы,
БҚО,Орал қаласы,
№46 «Ақжайық» бөбекжайының
І санатты тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.