Шүкірова Сәуле
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№7 жалпы білім беретін мектеп
бастауыш сынып мұғалімдері
Тапқыр болсаң, озып көр
Мақсаты:
1.Оқушылардың жалпы білім деңгейін,тілдік және танымдық білімдерін қадағалау, жеңімпаз топты анықтау,
2.Оқушылардың өздігінен ойлау және танымдық қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру
3.Оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін-өзі бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу
Түрі: интеллектуалды ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, әріптер, жүрекшелер, сөздер
Барысы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар!
Бүгінгі 2 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Тапқыр болсаң,озып көр»атты сайысқа қош келдіңіздер!
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәттілік ұландарға талапкер
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен,-демекші, бүгінгі сайыста қатысушы топтардың жылдамдығы мен ептілігі, тапқырлығы мен алғырлығы додаға түспек.
Ал келіңдер, келіңдер
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Сайысқа қатысып көріңдер,-дей отырып, қатысушы топтарды ортаға шақырайық.
1-топ Біздің топ: Достық
Біздің ұранымыз: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды
2-топ Біздің топ: Бірлік
Біздің ұранымыз: Бірлік болмай,тірлік болмас
3-топ Біздің топ: Береке
Біздің ұранымыз: Елдің іші –береке
Көптің іші-мереке
Ендеше орындарымызға жайғасайық
Бүгінгі «Тапқыр болсаң, озып көр» интеллектуалды сайысымыздың кезеңдерін назарларыңызға ұсынамыз
1-кезең «Ой жүйрігі»
2-кезең «Жасырын ұяшық»
3-кезең «Тез ойла,сөз ойла»
4-кезең «Сиқырлы сөздер»
Олай болса,сайысымызды бастайық
1-кезең Ой жүйрігі
Бұл кезеңде әр топқа сұрақтар қойылады, 1 минут ішінде топ мүшелері қанша сұраққа жауап бере алса, сонша ұпайға ие болады.
1-топқа:1.Күз айларын ата
2.74 санында неше ондық бар?
3.Бағдаршамның неше көзі бар?
4.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
6.Бір аптада неше күн бар?
7.Ш дыбысы қандай дыбыс?
8.ҚР мемлекеттік тілі
9.Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбысты ата
10.Қазақ тілінде неше әріп бар?
2-топқа: 1.1 дм-де неше см бар?
2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Бір сағатта неше минут бар?
4.Қыс айларын ата
5.Ас атасы
6.Аптаның бірінші күні
7.5 ондықты ата
8.Қазақтың ұлттық аспабы
9.1аптада неше күн бар?
10.Жыл мезгілдерін ата
3-топқа: 1.Адамды кім емдейді?
2.Қазақстан президенті кім?
3.Ең қорқақ аң
4.Көктем айларын ата
5.Абай Құнанбаев кім?
6.3 ондық 8 бірлік
7.Мәтін түрлерін ата
8.Қазақстан рәміздерін ата
9.Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
10.Біз тұратын мемлекет
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізерБілім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың 2-кезеңіне көшейік
2-кезең «Жасырын ұяшық»
Бұл кезеңде 5,10,15 ұпай сандары беріледі.
Әр ұпай санының артында жасырылған сұраққа жауап береді. Жауабын дұрыс тапқан топ, сол ұпай санына ие болады.
5 ұпай Үнді дауыссыздарды ата
5 ұпай Оқусыз білім жоқ,…….
5ұпай 97 мен 23 сандарының айырмасы нешеге тең?
10 ұпай Ең үлкен үш таңбалы санды ата
10 ұпай Әкеңнің әкесі саған кім болады?
10 ұпай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы
15 ұпай Адам денесінің негізгі тірегі
15 ұпай Үш қабырғасы,үш төбесі,үш бұрышы бар геометриялық фигура
15 ұпай Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың
Қарсылас мықты деме сен
Білімді болсаң, жығарсың ,- деп 3-ші кезең «Тез ойла, сөз ойла»кезеңін бастаймыз.
Әр топқа Қазақстан сөзі беріледі
Ең көп сөз құрастырған топ, жеңімпаз атанады.
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда
Білімдінің ырысы
Жарқырап жатыр жолыңда,-дей отырып,келесі кезең «Сиқырлы сөздер»кезеңі
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз тез оқи отырып,сол сөздерді қоршауыңыз керек. Жұмыс уақыты 2 минут. Қанша сөз тапсаңыздар,сонша ұпай беріледі.
Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.
Мадақтау
Байтақ дала, жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің!
Егеменді еліміздің білімді де саналы ұрпағы болайық!