Home » Жаңалықтар » Тәлімгер мен жас мұғалімнің педагогикалық дуэті

Тәлімгер мен жас мұғалімнің педагогикалық дуэті

Ұстаз деген сөзді айту сондай бақыт сияқты көрінеді. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ұстаздың алдынан тағылымы мол тәрбие алатынымыз ақиқат. Ханды да, қараны да тәрбиелейтін — ұстаз. «Қазақтың ханы бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім». «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын- мұғалімдікі», — деп алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан еді.

Алаш баласы үшін өзінің емес, өзгенің бақытын аялаған теріскейлік ұстаздар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ-да Қазақстандағы волонтер жылына арналған «Педагогикалық дуэт» тиімді тәлімгерлік және кәсіби шеберлік имиджі облыстық байқауының финалында бас қосты.

Конкурстың мақсаты- Білім беру ұйымдарында тьюторлықты танымал ету және мұғалімдердің жеке-шығармашылық әлеуетін арттыру болмақ.

Жұртшылықтың тәуелсіз бағалауының қорытындысы бойынша 10 жұп, яғни 10 педагогикалық дуэт финалдық кезеңге өтті. «Білім беру ұйымында отбасылық тәрбие құндылықтарын жетілдіру немесе ата-аналар мектебінің рухани жетістігін насихаттау турасындағы шағын пікірсайыстарды» тәлімгер мен тәрбиеленуші жас педагог бірлесіп ұсынады.

Шағын дебаттар тақырыбының өзектілігі ҚР БжҒДМБ 2020-2025 жылдарға арналған «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» міндетімен негізделген.

Педагогикалық дуэтті әділ, шынайы бағалау мақсатында  М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,  СҚО ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы, «Білім» бастауыш партия ұйымының төрайымы, «Нұр Отан» партиясы қалалық саяси кеңесі бюросының мүшесі, «Үздік педагог-2020» тарих пәнінің мұғалімі сияқты облысымызға танымал ханымдар қазылық етті. .

Әділқазылар алқасына «Педагогикалық дуэтті» бағалауда ашықтық пен объективті тұрғыда бағалау ұсынылды. Мұндай үлкен сайысты дұрыс бағаламау әрине ұстаздың жылдар бойғы жинаған бет-беделіне нұқсан келері қақ. Сондықтан да тақырыптың сәйкестілігі, тәлімгерлік құндылықтарын іске асыру, мазмұнын талқылау барысындағы дәлелдер мен фактілердің берілуі, педагогтартың актерлік шеберлігі баса назарға алынды. Қазылар алқасының шешімімен «Тәлімгер мен жас маманның педагогикалық дуэті» облыстық имидж байқауының жеңімпаздары деп төмендегі ұстаздарды таныды.

1 орынАйыртау ауданы, «№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы» КММИванова Анжелика АркадьевнаАманжолова Арайлым Руслановна
2 орын«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ, Петропавл қ.Конурбаева Анар ЖолболдықызыКошкенова Диана Амангельдиновна
2 орын«№25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, Петропавл қ.КаиржановаТолкын ЖылкыбаевнаӘбілда Айкүміс Ақжігітқызы
3 орынМамлют ауданы, «Белое орта мектебі» КММШарипова Анар АскеровнаПочтова Юлия Владимировна
3 орын «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия»КММ, Петропавл қ.Кусаинова Айжан КуанышбайқызыМарленова Жансая Саятқызы
3 орынПетропавл қ., «Дарын» мектеп-лицейі» КММРамазанова Асель МаратовнаСадвакасова Камила Куатовна

«Ұстаз-мектептің жүрегі»,- талай дарындарды тәрбиелеп, білім беріп, өмір деген ұлы мектептің есігін ашып кіргізу мұғалімнің маңдай тері. 11 жыл алтын ұяда тәлім-тәрбие беріп, қияға самғатар шағында шәкіртін қия алмайтын да мұғалім. Мұғалім — аяусыз еңбегінің жемісін көретін шақ туғанға ұқсайды. Сол шақ осы жеңістері деп білемін. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде де аянбайтын – мұғалім. Ұстаз еңбегі жана берсін!

СҚО, Қызылжар қаласы
Көкбасқызы Жазира,
ҚР журналистер одағының мүшесі
«BILIM AINASY»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.