Өткізу барысында 1-тоқсанның қорытындысын талқылау келесі тақырыптар бойынша жүргізілді:
1. Оқу жетістіктерінің нәтижелері: 1-тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі мен жалпы жетістіктерін;
2. БЖБ мен ТЖБ жазу үлгерімінің деңгейі, оқушылардың жетістіктері мен қиындықтары жеке ата-анаға ұсынылды.
БЖБ мен ТЖБ жұмыстарының нәтижелерін талдауды көрсете отырып, әр пән бойынша жиынтық бағалаулардың орташа көрсеткіштері, олардың мақсаты мен маңыздылығы аталып өтілді. Сондай-ақ, оқушылардың жиынтық бағалаулардағы көрсеткіштері арқылы олардың білімдері мен даму жолдарын анықтап, әр оқушының жеке нәтижелері, қай салада көбірек жұмыс жасау керектігін анықтау арқылы, бала біліміндегі кетіп жатқан олқылықтар анықталды. Ата-аналарға оқушылардың оқу барысында кездескен қиындықтары мен оларды шешу жолдары туралы ақпарат арқылы қолдау көрсету жолдары да ұсынылды.
Мектеп әкімшілігі мұғалімдер мен ата-аналардың бірігіп жұмыс істеу, үй тапсырмасын орындау, қосымша сабақтар, психологтың көмегі туралы ақпаратпен бөлісе отырып әр оқушының білім-білік дағдыларының қалыптасуы жөнінде түрлі қолдау жұмыстарын ұсынды. Және оқу жылының басында бекітілген олқылықпен жұмыс жасау жоспары барын, оқушылардың сол жоспарға сай мектеп ішіндегі қолдау көрсететін қосымша сабақтар қойылғанын айтылды.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Ақылбекова, Г.Нусипова, Н.Мұқанова сұрағы бар ата-анамен сұхбат жүргізіп, сұрақтарына жауап берсе, тәрбие ісі орынбасарлары С.Тажибаева, А.Дүмшебайлар оқушы біліміне мектептегі бала тәртібінің ықпалы болатынын, мектеп ережесін сақтауға шақырды.
Ашық есік күнінде ата-аналардың кері байланысы ескерілді. Ол жерде: ашық есік күні жиі өткізіліп тұрса, бағасы төмен оқушыға қосымша тапсырмалар берілсе, сапасы төмен оқушының ата-анасы сабаққа қатыссақ деген ұсыныс айтылды. Бастауыш сынып ата-аналарынан қоғамдық мәдени орындарға сыныппен бірлесе баруға өтініштер жасалды.
«Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады»- деп, Әзілхан Нұршайықов айтпақшы, еңбектенгенде ғана білім алу да, жетістікке жету де болатынын оқушыларымызға ата-анасы жеткізеді деген ойдамыз.
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназия
Акылбекова Нуржан Асетовна
Нусипова Гульмира Курманбаевна
Муканова Назгуль Нуракыновна