«№13 арнайы бөбекжай балабақшасы» КММ Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан, алты топтық балабақша. Ерекшелігі, бұл — арнайы балабақша. Себебі, балабақшада көру бұзылысы бар балаларға арналған топтар мен сөйлеу тілі бұзылысы бар балалар қабылданады. Балабақшада оқыту тәрбиелеу жұмыстары екі тілде жүргізіледі.
Балабақша педагог мамандары үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда, ПМПК қорытындысын қосымша негізге ала отырып тәрбиелеп, білім береді.
Арнайы балабақшалар – бұл ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы ұйымдастырылған білім беру мекемелері. Мұндай балабақшалар балалардың физикалық, психикалық, эмоциялық және әлеуметтік дамуына қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді.
Арнайы балабақшалардың ерекшеліктері:
Кадрлар: Мамандандырылған педагогтар, психологтар, логопедтер мен дефектологтар жұмыс істейді. Олар балалардың қажеттіліктеріне сәйкес арнайы бағдарламалар мен әдістер қолданады.
Бағдарламалар: Арнайы бағдарламалар балалардың даму ерекшеліктеріне, қабілеттеріне және қажеттіліктеріне негізделген. Мысалы, сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған логопедиялық сабақтар.
Жабдықтар: Арнайы жабдықталған ойын алаңдары, оқыту құралдары мен техникалық көмекші құралдар балалардың дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайды.
Әлеуметтік интеграция: Арнайы балабақшалар балалардың қоғамға бейімделуіне көмектеседі. Олар топта жұмыс істеп, достар табуға, әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Отбасымен жұмыс: Арнайы балабақшалар ата-аналармен белсенді жұмыс істейді, олардың қажеттіліктері мен сұрақтарына жауап береді. Ата-аналарға психологиялық және консультативтік көмек көрсетіледі.
Арнайы балабақшалар балалардың әлеуметтенуіне, білім алуына және дамуына маңызды рөл атқарады, сондай-ақ мектепке дайындайды.
Балабақша биылғы 2024-2025 оқу жылының міндетемелерін жүзеге асыруда «Бір тұтас-тәрбие» бағдарламасын оқу әдістемелік нұсқаулығымен бірге мақсат етіп алды. Балалармен іс шаралар жұмысын ұйымдастыру барысында ағымдағы жылда қазақ тілі, дефектолог бөлмелері арнайы жабдықталды.Қазақ тілі бөлмесін жабдықтауда балаларға қауіпсіз материал ретінде фетр материалы таңдалып, Воскобовичтің дамытушы ойындары негізінде ұлттық құндылықты насихаттау бойынша қазақ ертегілері, оюлары алынды. «Қабырғалар сөйлесін» деген заттық дамыту ортаны дамыту бағдарламасы бойынша балабақшаның ішкі қабырғалары балаларға арналған дамытушы бизибордтармен безендірілді және ақпараттық мазмұны бар стендтермен жабдықталды.Сонымен қатар,балабақшада көзді емдеу бөлмесі жұмыс жасап келеді. тифлопедагог, дене шынықтыру, музыка мамандарының жұмыстары да өз нәтижесін беруде.
Арнайы балабақшада ұлттық құндылықтарды, экологиялық мәдениетті және қауіпсіздікті жүзеге асыру үшін заттық дамытушы орта құру – балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды аспект. Мұнда бірнеше бағытты қарастыруға болады:
Ұлттық құндылықтарды жүзеге асыру
Мазмұнды материалдар: Қазақтың ұлттық ойындары, қолөнер, мәдениет және салт-дәстүрлер туралы ақпараттарды қамтитын ойыншықтар мен кітаптар.
Тіл және әдебиет: Ұлттық әдебиет, ертегілер мен аңыздарды оқыту үшін қазақ тіліндегі кітаптарды пайдалану. Сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған логопедиялық материалдар.
Дәстүрлі тағамдар: Балаларға ұлттық тағамдарды дайындау процесін ұйымдастыру, дәм тату сессияларын өткізу.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
Экологиялық ойыншықтар: Табиғи материалдардан (ағаш, мата, т.б.) жасалған ойыншықтарды пайдалану.
Табиғатты қорғау: Экологиялық тақырыптарға арналған ойындар мен сабақтар өткізу, табиғаттың сұлулығын көрсету.
Саябақтар мен бақтар: Балалармен бірге өсімдіктерді отырғызу, күтім жасау және экологиялық жобаларды жүзеге асыру.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қауіпсіздік туралы білім: Балаларға жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік туралы ақпарат беру. Ойындар мен тренингтер арқылы қауіпсіздік дағдыларын үйрету.
Заттық орта: Заттық орта қауіпсіз болуы керек. Ойыншықтар мен жабдықтар балалардың жасына, физикалық даму деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Денсаулық сақтау: Салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық белсенділікті арттыру мақсатында спорттық және ойын алаңдарын ұйымдастыру.
Заттық дамытушы ортаны құру
Тақырыптық аймақтар: Ұлттық мәдениет, экология және қауіпсіздік тақырыптарына арналған арнайы аймақтар құру. Мысалы, «Экологиялық бұрыш», «Ұлттық мәдениет алаңы».
Көрнекілік: Плакаттар, суреттер, буклеттер, дамытушы ойыншықтар арқылы балаларға ақпаратты визуалды түрде жеткізу.
Креативті кеңістік: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі материалдар (сурет салу, қолөнер жасау) ұсыну.
Қортындылап келгенде , біз, 2024 жылдың 29 қазан күні «Әлем-саусақ ұшында» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырдық.
Семинардың мақсаты: көру қабілеті бұзылған балалардың, танымдық белсенділігі мен ұсақ моторикасын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін және технологияларын қолдану саласындағы педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттырып, білімдерін жетілдіру.
Семинарға қатысушылар : Алмалы ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі бас маманы Доскеева Мираш Нургельдиевна, «Білім айнасы» журналы журналисті Жұлдыз Елеусізовна, Алмалы ауданы балабақшаларының әдіскерлері .
Балабақшаның озық тәжірибелі тифлопедагог маманымыз Т.А.Вишневская, көру қабілеті бұзылған балалардың танымдық белсенділігі үшін ұсақ моториĸаны дамытудың маңызы туралы айтты.
Жас тифлопедагог маманымыз Макпал Лесбек: көру қабілеті бұзылған баламен саусақ гимнастиĸасын жасау бойынша мастер-ĸласс өткізіп өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл іс-әрекетке толы жаттығуларды тамашалаған педагогтар қауымы өздеріне керекті тұстарын айтып, баланың қабілетін одан әрі ашатынын тілге тиек ете келе әріптестеріне алғыс білдірді.
Балабақшаның әдіскері Айсұлу Тұрғанбаева «Симулятор көзілдірігін қолдану арқылы: Көру патологиясы әртүрлі формаларындағы көру қабілеті бұзылған балалардың көру визуалды мүмкіндіктері» атты тренингті ұйымдастырды.Қатысушылар арнайы дайындалған көзілдірікті тренинг кезінде киіп көрді, балалардың көру деңгейі, қабілеті әр түрлі болатынын, қолданылатын әдіс – тәсілдердің әртүрлі екендігіне көз жеткізді. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған көзілдіріктер арқылы айналаны көру әр бала әр түрлі көретініне куә болды. Оң жақ көзді жапқанда, сол жақ бөліктің жабылуы, сол жақты жапқанда оң жақ бөліктің жабылуы, қоршаған ортаны көруде бейнені анық көрмеу, бұлыңғыр көру, бейнені алыстан немесе жақыннан көрмеу, бейнені екі бейне ретінде көру туралы ақпараттар алды.
«Жұмыс тәжірибесі: Көру қабілеті бұзылған балаларға көрнекі құралдарды бейімдеу» атты бейне роликті тамашалаумен көзілдірік туралы тақырыпты балабақша әдіскері Айсұлу Қуандыққызы тамамдады.
Семинар озық педагогикалық іс тәжірибелерден педагогикалық идеялар бөлімімен жалғасты.
Балабақшаның тәрбиешісі А.А. Егенова «Саусақ жаттығулардың дәстүрден тыс түрі ретінде гидрогимнастиканы» қолдану туралы өзінің педагогикалық ұсыныстарымен бөліссе, балабақшаның психологы Абсаттарова Тоғжан Абдимажитовна «Көру қабілеті бұзылған балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін Монтессори ǝдісін қолданумен» жалғастырды.
Семинар көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуда арнайы ǝдістер қолдану бойынша мастер-ĸласс видеосын тамашалаумен ұласты.
«Көзі көрмейтін балаларды оқытуда арнайы әдіс-тәсілдерді үйрету» туралы Т.Вишневская тренинг ретінде көрсете отырып, семинарға қатысушы педагогтерге көру деңгейі әртүрлі балалардың көзілдірікті кигенде көру қабілеттерінің деңгейлерін арнайы дайындалған көзілдіріктерді ұсынып, әр баланың диагнозы бойынша көру қабілетін сезіндірді. Семинарға қатысушылар көзілдіріктерді өз тәжірибесінен өткізіп, өз сезімдерімен, ойларымен бөлісті.
Іс -тәжірибе алмасу барысы арнайы құрал-жабдықтармен жасалған көрмені тамашалап, көру бұзылысы бар балалардың дайындаған ұлттық құндылықты насихаттайтын музыка жетекшіміз Айгүл Султановна Калибекованың ұйымдастыруымен балалар дәстүрден тыс құралдарды қолдана отырып, өнер көрсетті .
Алмалы ауданының мектепке дейінгі білім бөлімінің бас маманы Доскеева Мираш Нургельдиевна өз сөзінде, арнайы балабақшадағы ұйымдастырылған заттық дамытушы орта ұлттық құндылықтарды, экологиялық мәдениетті және қауіпсіздікті дамыту үшін тиімді негіз болып және балалардың жан-жақты дамуына, үлесін қосып, қоғамға бейімдеп отырғанына ризалық танытып,балалардың бойында жауапкершілік сезімі қалыптасқандығын айтты.
Жоғары айтылғандай, біздің балабақшамыз арнайы болғандықтан, біз жалпы мектепке дейінгі ұйымдар қолданатын технологияларды да қолданамыз, құралдарын және әдістерін бейімдеп әр балаға жеке дамытушы –түзетуші жұмыстарымен үйлестіреміз.
Іс тәжірибемен бөлісу біз үшін қуаныш. Ал, ерекше балаларға көмек көрсете алып жатқанымыз біз үшін бақыт.
Алматы қаласы
«№13 арнайы бөбекжай-балабақшасы» КММ меңгерушісі
Ошакбаева Айгуль Кельгентаевна.