Home » Мақалалар » Балабақшада арнайы педагогтар жұмысын үйлестіру

Балабақшада арнайы педагогтар жұмысын үйлестіру

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №74 бөбекжай-балабақшасында мобильді топтың жұмыс жоспарына сәйкес Алмалы ауданының логопед-дефектологтарына арналған «Балабақшада арнайы педагогтар жұмысын үйлестіру» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: балабақшадағы арнайы педагогтердің жұмысын тиімді үйлестіру арқылы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беру сапасын арттыру, тәжірибемен бөлісу.

Балабақшамыздың арнайы педагогтары: Психолог – Жузбаева Майра Сейсеновна, Логопед – Мыңбасы Әйгерім Мұхтарқызы, Дефектолог – Жұбатхан Айгерім Ғабидуллақызы ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысын көрсетті.

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың когнитивтік психикалық процестерін дамыту» тақырыбы бойынша психологтың жеке жұмысы көрсетілді. Жалпы моториканы және зейінді дамытуға бағытталған «Түрлі-түсті сызықтары бар шеңбер»,  есту-сөздік есте сақтау қабілетін дамытуға арналған, қолдың ұсақ моторикасын дамыту мен  баланың зейінін шоғырландыру қабілетіне арналған «Сіріңкеден жасалған көңілді адамдар» ойындарын баламен бірге көрсетті. «Буындағы Ш дыбысы» тақырыбы бойынша логопедтің жеке жұмысы көрсетілді. Әдеттегідей логопед өз жұмысын артикуляциялық жаттығудан бастады. Педагог пен бала үстел үстіндегі айнаға қарап отырып «Алтыбақан» деп аталатын жаттығуды орындады. Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіруге көмектеседі. Одан кейін тыныс алу жаттығуын орындады. «Ш» дыбысына арналған буындарды қайталау арқылы дыбысты толық пысықтап өтті. Қорытындылау кезеңінде суреттердің ішінен мамандық пен оған тиесілі көлікті дыбысынан табу ұсынылды. «Көлік түрлері. Түстер мен сандар» тақырыбы бойынша дефектологтың жеке жұмысы көрсетілді. Бала тапсырмалар орындау арқылы әуе шарының аспанға көтерілуіне көмектесті. Музыка әуенінің ырғағымен нейрогимнастика орындалды. «Ракета» деп аталатын дидактикалық ойында бөтелкелерді шайқау арқылы судың түсін өзгертуі баланың қызығушылығын одан әрі оятты. Арнайы педагогтар жеке балалармен жұмыс көрсеткенннен кейін, ортаға балабақшадағы ерекше білім беруді қажет ететін басқа балалар да шықты. Олар «Түрлі-түсті тұз» деп аталатын ойынды бірге орындады. Түрлі-түсті бордың көмегімен тұздың түсін өзгертуі балаларға қызықты болды.
   

Семинарға келген арнайы педагогтар үшін де шапшаңдық пен ептілікке бағытталған ойындар ойнатылды. Олар өз кезегінде кері байланыс арқылы ойларын ортаға салып, пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Алматы қаласы Алмалы ауданы
№74 бөбекжай-балабақшасы
Логопед: Мыңбасы Әйгерім Мұхтарқызы
Дефектолог: Жұбатхан Айгерим Ғабидуллақызы
Психолог: Жузбаева Майра Сейсенқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.