Білімдінің сөзін тыңда
Айтқанын үйрен, іске асыр
(Махмуд Қашғари)
Білімдіге дүние жарық
Бүгін Талғар қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінде «Оқушылардың ғылыми зерттеу іс-әрекетін үйымдастыру» атты коучинг өтті. Коуч жүргізуші-спикерлердің тәжірибесі мол, білім шеңберіндегі білікті мамандар:Әбділда Айжан, Алимова Роза, Нүсіп Бану, Мухамедиева Раушан. Коуч барысында, біліммен ғылымның жаһандық бәсеге қабілетін арттыру-негізгі мақсат екенін дәлелдермен көрсетті. Оқушыға берген білімді ары-қарай дамыта отырып, ғылыми негіздерді айқындаудың жолын айтты. Ғылыми жоба құрылымына тоқталып,топтық тапсырмалар берілді. Үш топқа бөлінген мамандар «Ғылыми жоба» тақырыбын ойластыру арқылы, зерттеу жұмыстарының мақсат-міндетіне тоқтала отырып, өзектілігі жайлы ой өрбітті. Мақсатпен міндетке негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған бағдарды, дұрыс анықтау үшін, неден бастау керек екені айтылды.
Топтық жұмыстың нәтижесі бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Чикабаева Ляззат Қырғызбайқызы мен Рашаева Мейрамгүл Жайқожақызы үздік идеяны жүзеге асырудың жолын көрсетіп, белсене қатысқан мамандарға шығармашылық табыс тіледі.
«BILIM AYNASY»
Алматы облысының тілшісі
Бағашар Жадыра