Home » Мақалалар » Кітап ашылады – ғажайып басталады

Кітап ашылады – ғажайып басталады

Мырзахметова Актоты Жумабековна,
Нұр – Сұлтан қаласы,
№30 мектеп- гимназиясы директорының
 оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
мектеп психологы
Марапаттары:
 Қаз. Рес. президентінің АЛҒЫСЫ.  Астана, 2016ж.
«Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісі. 2017ж.
«Ы. Алтынсарин» медалі. 2019 ж.
Ұстанымы: Әрбір бала — жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет.



Кітап ашылады – ғажайып басталады

«Талап қыл, артық білуге,

артық ғылым кітапта,

ерінбей оқып білуге…»
Абай Құнанбаев
Қазіргі мектеп баланың зияткерлік шығармашылық әлеуетін тануға дайын болуы және оны іске асыру үшін қажетті құрал болуы тиіс. Мектеп дараланған бала өз орнын тауып, өз біліктері мен қабілеттерін табысты іске асыра алатын кеңістік жасайды.
2019 жылы 29 қаңтарда №30 мектеп-гимназияның мектеп мерейтойын атап өту қарсаңында мектебімізде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған оқу аймағының  салтанатты ашылуы өтті. Бұл ұстаздар мен ата- аналар атынан оқушыларға арналған керемет сыйлық болды.
Неге Димаш Құдайбергеннің атынан?- деген сұрақ қояр болсаңыз
Өйткені, Димаш бүгінде қазақ өнеріндегі аса зор жетістік ретінде бағаланып, жастардың еліктейтін тұлғасына айналды. Алға қойған мақсатқа қол жеткізуге және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға  ұмтылған ол өскелең ұрпаққа үлгі болды. Сонымен қатар, ол тек өнерімен ғана емес, өзінің жақсы тәрбиесімен  және өз еліне, тіліне, жеріне деген патриоттық сезімімен де жастарға үлгі.
Жалпы кітапқа толы оқу аймағын ашу мақсаты: оқушылардың бойында тәуелсіз кітапханалық пайдаланушының дағдыларын қалыптастыру: ақпаратты іздеу, іріктеу мен сыни бағалау және оқу мәдениетіне үйрету, оқу аймағының  кітапханалық — ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы ақпаратқа қол жеткізуді барлық қатысушыларға қамтамасыз ету. Оқушыларды әртүрлі басылымдарда (кітаптарда, мерзімді басылымдарда, энциклопедияларда және т.б.) қажетті ақпаратты іздеуді өз бетімен жүргізуге үйрету. Оқушыларды ғылыми, көркем, анықтамалық және энциклопедиялық әдебиеттерге баулу және олармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Іс — шараға қатысты: Димаш Құдайбергеннің әкесі -Қанат Құдайбергенұлы және Светлана Ермековна, Таукен Қайырлы Кеңесбекұлы-Астана қаласы мәслихатының депутаты, Мұхитдинов Абзал Мирасбекович — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының бас дирижері, Талғат Айтжанұлы Бердіғұлов — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің бастығы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Сахметова Марал Бисаиновна — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Лұқпан Жолдасовтың жары- Айған Жолдасова, Гүлмира Жангелді-Астана қаласының «№2 өнер мектебінің» директоры, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.
Қазіргі уақытта бұл оқу аймағы мектеп басшысы Азимханова Сауле Мыңшалқызының идеясымен және басшылығымен өркендеп дамуда. Кітап қоры саны мыңнан асты. Димаш Құдайбергеннің атынан оқу залының ашылғанын естіп келушілер саны де күн санап асуда. Тіпті шетелдіктер де қызығушылық танытуда. Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыта отырып, патриоттық сезімді арттыратын мұндай  жобалар еліміздің патриот жастарын тәрбиелеуге, туған жерге деген асқақ рух пен ыстық сезімді оятуға көп септігін тигізеді.
Білім беру мекемесіндегі оқу залының негізгі міндеттерін жүзеге асырудың функцияларына мыналар  жатқызылады:

  • білім беру – үздіксіз білім беру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту бойынша практикалық іс-әрекетке және ақпараттық-кітапханалық қорды қолдану, оқу және мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • ақпараттық-ресурстық-мектептің білім беру міндеттеріне сәйкес кітапхананың ресурстық әлеуетін қалыптастыру;
  • коммуникативтік-кітапханалық және педагогикалық қауымдастық шеңберінде кәсіби коммуникация жүйесін дамыту;
  • әлеуметтік-мәдени (құндылық – бағдарлы)-пайдаланушының ақпараттық-кітапханалық мәдениетін арттыру. Мектептегі оқу залы «адамның әлеуметтік-мәдени идентификациясына ықпал етеді, тұлғаның өзінің креативті әлеуетін ашуға көмектеседі»; «мәдени шығармашылық» құралына айналады: жаңа мағыналарды іздеуге және құруға үйретеді; адамның рухани-адамгершілік бастауын дамытады;
  • сервистік-кітапхананың барлық пайдаланушылары үшін ақпараттық, білім беру және кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету жүйесін құру, ақпараттық-коммуникациялық, педагогикалық және кітапханалық технологиялар негізінде оқу залының пайдаланушыларына дифференциалды кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Қорытынды:
Болашақ әркімді де толғандыратыны рас. Сол болашақтың тірегі кім? Әрине, жас қанатты жасөспірімдер. Жас ұрпақ болашақтың тірегі, елінің сенімі Отаның өркендетуші, күллі жұрттың ертеңі.
Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді.
«Мен жастарға сенемін»,-деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сол жастарымыз рухани сауаттылығы мықты болса, ұлтымыздың ұлағаттылығы мәңгі сақтала бермек. Халқының көңілінен шығатын, елінің үмітін ақтайтын, өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің азаматтары рухани сауаттылықпен білім көгіне самғай берсін демекпін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.