Алматы қаласында орналасқан Л.Б. Гончаров атындағы КазАДИ студенттерімен қосымша эдвайзерлік жұмыстар жүргізіледі. Студенттер КазАДИ жанындағы зертханаларда зерттеулерге қатыса алады, сонымен қатар тәрбиелеу сабақтары жиі жүргізіледі.Үстіміздегі жылдың 18 қазан күні эдвайзерлік сабақ өтті. Бұл сабақ КазАДИ ПГС-16к және ПГС-17 топ студенттерінің аралығында болды. «Қазіргі замандағы BIM технологияның құрылыстағы маңызы» атты эдвайзерлік сағатта студенттер көп мәлімет алды. Баяндаманы топтың эдвайзері техника ғылымдарының магистірі, аға оқытушы Жанакова Р.К жүргізді. Қазіргі замандағы жобалаудың инновациялық тәсіл мәселесі барлық құрылыс кешені үшін өте маңызды. Қазіргі уақытта технологиялық мүмкіндіктерін жобалау ұйымдары айтарлықтай өзгерді, заманауи ресейлік және шетелдік автоматтандырылған кешендерде, құралдардың жоғары есептеу өнімділігін қамтамасыз ету үшін жобалық шешімдер негізінде инновациялық бағдарламалар ауқымды қолданылады. Қазіргі жағдайда жобаны сәтті іске асыру үшін ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылады. Осы қажеттіліктерді жаңа деңгейде қанағаттандыруды BIM(Building Information Modeling) –ғимараттарды ақпараттық модельдеу технологияларын іске асыратын автоматты жобалау жүйесі қамтамасыз ететіндігі жайыда болды. Іс шара барынша татымды болды себебі бұл ісшарада студенттер жаңа мәліметтер алды. Эдвайзердің баяндамасы барысында студенттер әртүрлі сұрақтар қойып өз қызығушылықтарын танытты. Ұйымдастырылған іс шараның тақырыбы қазіргі таңдағы Еліміздің жас мамандарын дайындау барысына қосар үлесі сөзсіз деп ойлаймын.
Жанакова Раиса Кульмахановна,
т.ғ.м., аға оқытушы