Home » Мақалалар » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БОЙЫНА СІҢІРГЕН ЖАСТАР ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БОЙЫНА СІҢІРГЕН ЖАСТАР ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ


Якияева Абира Алдашевна
Алматы қаласы Жетісу ауданы
№177мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі,
педагог-зерттеуші
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар жаһандық бәсекеге қабілетті

Ұрпақ тәрбиесі – келешек  қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемлекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Бүгінгі ұрпақтың бойына қазынаның бар асылын дарытып, тілін дамытып, ар — намысын оятып, адамгершіліктің сәулесін беретін – мұғалім еңбегінің нәтижесі. Ұлтымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген. Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы –  тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз.  Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз  қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба? – деп алаңдаймыз. Абай: «Адамды заман билемек, заманға жаман күйлемек»- дейді. Бұл әлемдік даму жолын түсінуге мүмкіндік береді. Біз үшін жасанды, виртуалды, әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өзіміздің ұлттық болмысымызды, ұлттық бірегейлігімізді және рухани ерекшелігімізді сақтап қалу аса маңызға ие.  XXI ғасырда  рухы биік, әлем мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай белес тұр. Бұл ең маңызды мәселелердің бірі. Еліміздің ертеңі, әрқайсымыздың өмір жалғасымыз болып табылатын жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу — аса өзекті тақырып. Осы ретте, №177 мектеп-гимназиясында   Тілдер мерекесіне орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты қазақ тілі бірлестігінің онкүндігінде біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру  арқылы олардың  шығармашылық қабілетін шыңдай отырып, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тақырыбында мектепішілік эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.

Байқау нәтижесінде 1- орын жүлдегерлері:11-сынып оқушысы Амантай Нұрайым, 10- сынып оқушылары Мұрат Әсем , Ким Томирис , 9- сынып оқушысы Жакупова Дарина; 2- орын жүлдегерлері: 11-cынып оқушылары Узакбаева Аружан, Амал Дана, 10-сынып оқушысы Байғазы Аружан, 9- сынып оқушысы Жұмабек Сымбат,  3-орын жүлдегерлері: 10- сынып оқушылары Тынышбек Алихан, Бейсенбай Нұрай, Омарәлі Рания, 9-сынып оқушылары Ибрайхан Жібек, Бекбосын Каусар. Байқауға белсене қатысқан 10- сынып оқушылары  Бекболат Амина, Балабек Жанайым , Алман Нұрали, Мағзум Қарақат, Еркен Тамерлан, Серік Ғазиза, Есімбек Аянат, Тоқан Нұрдана, Жандосқызы Арайлым, Жасан Асылзат мектеп-гимназия директорының алғыс хатымен марапатталды.

Абай:»Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» дегенді тегін айтпаған. Ғасырлар бойына сөз құдіретін сезіне білген, шешеннің билігіне тоқтаған, елдікті сақтаудағы тапқырлығына тәнті болып, дәріптеген. Сондықтан да,      өнер сайыстарының қайсысы болмасын өскелең ұрпақты өрлікке, батылдыққа, тапқырлыққа, терең ойлылыққа тәрбиелеген.

    

Тіл – құндылық. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,-деп тілдің ұлт үшін қандай маңызы бар екенін  бір ғана ауыз сөзге сыйдырған еді.Тіл – ойдың жемісі. Қай тілде ойласаң, сол тілде сөйлейсің. Сол себепті тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, тіл – ұлтты, әлемді, дүниені тану моделі десек,оны  біздің жастарымыз сезінсе, түсінсе жаһандану дәуірінде барлық құндылықтарымызды өз деңгейінде сақтай да аламыз, жетілдіре де аламыз деген сенімдемін. Сондықтан да сыныптан тыс уақыттарда өткізілген іс-шаралар түрлі тақырыптарда зияткерлік сайыстар,танымдық байқаулар, кездесулер,саяхат сабақтар ұйымдастыру,ой толғаныстарын жаздыру шәкірт бойындағы қабілеттерін ашып, өз беттерінше ізденуге әсерін тигізері анық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.