Home » Мақалалар » Қазақ поэзиясының — Құлагері

Қазақ поэзиясының — Құлагері


Дүйсенова Шәмшат Дәулетиярқызы
Алматы  қаласы    Жетісу ауданы
№177 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Қазақ поэзиясының — Құлагері

Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой — өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата — бабамыздың қандай болғанын, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екенін ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру жолында жанын пида еткен алаш ұлдары аз емес. Солардың бірегейі, әдебиетіміздің үш бәйтерегі атанған үлы тұлғалар-Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин. Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты. Солардың ішінде біздің бүгінгі қозғар тақырыбымыз қазақ поэзиясының Құлагері -Ілияс Жансүгіров.

Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты №177мектеп-гимназиясында тілдер мерекесі қарсаңында  өткен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»  атты онкүндігіне арналған  «Оқуға құштар мектеп» аясында «Бір  кітап – бір әлем, жүз кітап – жүз әлем» ұранымен   ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының – Құлагері»   атты  ақын шығармашылығынан  көркемсөз байқауы (7-9 сыныптар) болып өтті. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты  ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтарды қамтамасыз ете отырып,  жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар бойына сіңірген  жеке тұлға тәрбиелеу. Қазақ поэзиясының Құлагері атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Көркемсөз байқауының шымылдығы «Үш бәйтерек – үш тағдыр  » қойылымынан басталды. Ақын шығармашылығына байланысты байқау

3 кезеңді қамтыды: «Үздік буктрейлер», «Өзім барда, сөзім бар», «Қиядан шалар қыран». Сайысқа қатысушы үздіктер ақынның жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған  туындыларынан видео шолу көрсетіліп, поэзиясын жатқа оқып, туындыларын қылқалам шеберлері сурет етіп қорғады.Қазақ баласының бойында қайнап жатқан еркіндікті насихаттау үшін ұлттық ойындар негізінде оқушы санасындадағы Ілиясты аңғару мақсатында  сайыс ортасына  сұрақ -жауаптар қойылды. Көрермендер де  белсене қатысып жауап беріп отырды. Сайыс соңында оқушылар шығармашылығын бағалап, мектеп директорының мадақтама қағазымен марапаттады.Ынталандыру сыйлықтары үлестірілді. Сонымен қатар мектеп кітапханасыныңда сыйлықтары табысталды.
    

Ілияс — бәйтерек сынды  өсіп, туған елі үшін еңбек еткен,қазақ поэзиясын шырқау көкке көтерген, халқының болашағына жол сілтеген — асыл перзент. Лайым биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ,талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Халқы мен заманның ауызынан  түсе қалғандай адал ұл.

     

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.