Home » Жаңалықтар » Түркістандықтар Оралдан олжалы оралды Оралда өткен республикалық «Жайдарман» фестиваліне қатысушылар қала әкімінің кубогын сарапқа салды.

Түркістандықтар Оралдан олжалы оралды Оралда өткен республикалық «Жайдарман» фестиваліне қатысушылар қала әкімінің кубогын сарапқа салды.

Шаһар күні қарсаңында ұйымдастырылған доданы Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Оған Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарынан және жергілікті жайдарманшылардан құралған 8 команда қатысып, бақтарын сынады. «Жайдарман» әзілкештері бұл ойынға жоғары деңгейде дайындалғандарын байқатып, қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзіл-қалжыңмен жеткізуге тырысты.

Тартысты сайыс нәтижесінде үшінші орынға оралдық «Талант» құрамасы лайық деп танылса, екінші орынға Қостанай облысынан келген «Рудный» құрамасының жоғары лига ойыншылары тұрақтады. Киелі Түркістан қаласынан келген «Түркістан» құрамасы Орал қаласы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық жайдарман фестивалінің жеңімпазы атанды. Жайдарманшылар арасында «Үздік ойыншы» аталымы ақтөбелік «Жем-Сағыз» жайдарман тобының мүшесі Нұрдәуір Нұрланұлына бұйырды.

Фестивальге қатысқан барлық топ алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,
«BILIM AINASY», БҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.