Home » Мақалалар » Шетел тілін оқытудың тиімділігі

Шетел тілін оқытудың тиімділігі

Есенова Мадина Ходжабергеновна
«Каспий» педагогика және салалық
технологиялар колледжінің
ағылшын тілі пәні оқытушысы 

Қазіргі кезде ағылшын тілін білу өте маңызды. Бүгінгі күнде үш тілді білетін адамдардың қоғамда алар орны ерекше, бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратынын бәріміз білеміз. Қазақстан үш тілділік бағдарлама арқылы білімді ел ретінде таралуы керек. Сол үшін де қазіргі жастар ағылшын тілін білуі тиіс.

Біздің колледжде студенттерге шетел тілін үйрену үшін барлық жағдай жасалған, яғни, әрбір студент үш тілділікті жетік меңгеріп және одан әрі қарай дамыта алады. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы жақсы колледждердің бірі «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колдеджінде шетел тілін мықтап үйрету жолға қойылған.

Колледжде «Шетел тілінен бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алатын барлық студенттер өз мамандығын кәсіби деңгейде оқып аяқтап шығады. Одан бөлек басқа мамандықта оқитын студенттер де шетел тілін жақсы меңгереді. Колледжде туризм мамандықтары да оқытыла бастады, ағылшын тілі бұл мамандыққа өте қажет екенін бәріміз білеміз, яғни бұл мамандық бойынша ағылшын тілі өте жоғарғы деңгейде оқытып шығады. Студенттердің болашағы үшін және жастардың қажетті білім алып тәжірибе жинауы үшін қажетті жағдайлар, колледждегі оқытушылардың ағылшын тілін үйретудегі қажырлы еңбегі мен жасап жатқан іс шаралары соның дәлелі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.