Бурабаева Назгул Боранбайқызы
«Каспий» педагогика және салалық
технологиялар колледжінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы
Еліміздегі төтенше жағдайға, яғни COVID-19 вирусының таралуына байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап барлық орта арнаулы және жоғары оқу орындары қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Соған сәйкес біздің оқу орнымыз «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі де көппен бірге студенттерімізді қашықтан оқыту жүйесіне көштік.
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі оқытушылар мен студенттер арасында, өзара студенттер арасында жұмысқа қатысты кез келген форматтағы файлдармен алмасуды қолдайды. ZOOM жүйесімен сабақ өтіп, тапсырмалар орындау және тест, аудиодәрістер, бейнероликтер және т.б. мүмкіндіктерді пайдаланды.
Мен өзімнің 3 МДТ-17 б/б тобында «Балалар әдебиеті» пәнінен «Ақын- жазушылардың балаларға арналған шығармашылығы» атты сабағымды қашықтан оқыту кезінде ZOOM жүйесімен оқыттым.
Бұл сабақтың мақсаты: ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының мазмұнын, тілінің көркемдігін, жеңіл жатталатынын, оның бала табиғатына лайықтылығымен, жүйелілігімен, сазды әуенімен, өнегелі мазмұнымен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылатындығын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармашылығы туралы ізденіп, шығармашылық талдау жасайды. Балаларға арналған шығармалардың мазмұнын, ерекшелігін біледі. Оларды тәжірибе барысында қолдана алады.
Жаңа сабақты тақырыпқа байланысты презентация бойынша түсіндірдім. Жаңа сабақтан өтілген тақырыптар бойынша ақындардың балаларға арналған шығармаларына «Сәйкестендіру» тәсілі арқылы талдау жасады.
Тақырып бойынша тест тапсырмасын EDUS жүйесі арқылы орындады.
- Қазақтың музыкалық-поэтикалық фольклорындағы тұрмыс-салт әндерінің халық арасына кең тараған бір түрі, екі түрлі міндет атқаратын: сәбиді жұбату және ата-ананың тілегін білдіру. Балалар фольклорының қай жанры?
А) Тұсау кесу жыры
В) Бақташылық жыры
С) Ұлыс жыры
Д) Үйлену жыры
Е) Бесік жыры
- Екі түрлі міндет атқарған: ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру мен баланың тілін ұстартып, әр сөзін асқан шапшаңдықпен айтуға үйрететін қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры.
А) Мақал-мәтел
В) Қызықтама
С) Жаңылтпаш
Д) Жұмбақ
Е) Санамақ
3.Қазақ халқының бірінші ұлы педагогы, балалар әдебиетінің негізін салушы.
А) Шоқан Уәлиханов
В) Сәбит Мұқанов
С) Қасым Қайсенов
Д) Ыбырай Алтынсарин
Е) Мұзафар Әлімбаев
- И.А.Крыловтың 44 мысал өлеңін аударып, “Үлгілі тәржіме” деген атпен бастырып шығарған қаламгер.
А) С.Көбеев
В) С.Торайғырв
С) Ы.Алтынсарин
Д) С.Дөнентаев
Е) А.Құнанбаев
- Қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықты жазылған бір саласы.
А) Балалар әдебиеті
В) Әдебиет сыны
С) Әдебиет теориясы
Д) Әдебиет тарихы
Е) Лиро-эпикалық жанр
- Балалар ауыз әдебиетіне жататын шығармаларды көрсет.
А) Повесть, роман
В) Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар
С) Әңгіме, поэма
Д) Толғау
Е) Арнау
Үйге тапсырмаға ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларын тәжірибе түрінде көрсетіп видеоға түсіру берілді. Студенттер үй тапсырмасын тәжірибе түрінде видеоға түсіріп, телеграмм, ватсап желісі арқылы орындап отырды.
Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Аз уақыт ішінде, яғни 2 ай көлемінде болған қашықтан оқыту әдісі өзінің нәтижелерін беруде:
- техниканың жетіспеушілігі;
- интернет желісінің дұрыс жұмыс жасамауы;
- байланыс аппараттарының сапасыздығы;
- тым көп ақпарат;
Атап айтсақ, қашықтан оқытудың зиянды жақтары жетерлік, бірақ бұл толықтай алып тастауға себеп емес. Зиянынан бөлек пайдасын да көре білген дұрыс. Оқып жүрген студенттер, магистрант, оқушылар бәрі бос уақыттарын отбасымен өткізу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар үйде отырып-ақ тапсырмаларды орындап, дәріс берушімен байланысып отырды. Бұл жетістіктердің бәрі ел экономикасының дамып келе жатқанын көрсетеді.
Осындай қиын кезеңде біздің ұжымы колледж директоры И.Ә.Қалдамановтың жетекшілігімен барлық мәселелерді ұйымшылдықпен шешімін тауып, жұмысымызды жауапкершілікпен атқарып отырдық. Қашықтан оқыту кезінде түсінбеген көптеген сұрақтарымызға күн демей, түн демей колледж директордың ақпараттық-технологиялар жөніндегі орынбасары А.Ержанова барлық мұғалімдер мен студенттерге ақпарат беріп, өз жұмысын тиянақты атқарды.
Қорыта келе, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір істі ынтымақта, бірлікте, сыйластықпен бірге атқарған кезде біз жасай алмайтын іс болмақ емес.