Джанбосинов Сансызбай Стыбаевич
«Каспий» педагогика және салалық
технологиялар колледжінің
дене тәрбесі пәні оқытушысы
Спорт – көңіл-күйді көтеріп, өзіңізді көңілді сезінуге көмектеседі. Өйткені жаттығу барысында эндорфин гормоны көптеп бөлінеді. Ал ол гормонды — бақыт гормоны дейді. Ол адам жанын тыныштандырып, рахаттандырады. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасау сізді түрлі аурулардан аман алып қалады. Сонымен қатар жүгіру мен жүзу де өте пайдалы. Спортпен шұғылданатын адамдар өзінің денесін жақсы көре бастайды, денсаулығына мән береді, терең тыныс алып үйренеді. Терең тыныс алу кезінде сіз күйзелісті есіңізге де алмайсыз. Міне, осындай күнделікті жаттығудың арқасында адамдар өзінің ауруымен мәңгілікке қош айтысады. Қазіргі кезде спортты өмірлік серігіне айналдырып, ауруды атымен білмейді. Мұндай жағдай бәріміздің де басымызда тууы мүмкін. Сондықтан спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанған жөн, достар!
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі қабырғасында дене тәрбиесі оқытушысы болып жұмыс жасай келе студенттерді әртүрлі спорт ойындарына үйрету, дайындау, дамыту, зерттеу, зерделеу арқылы спорт ойындарының мәдениетіне баулу арқылы адамгершілікке тәрбиелеп келемін. Спорттық ойындар тек қана спорттық ойындарды ойнауды ғана үйретіп қоймайды, сонымен қатар қарсыласты сыйлауға, оларды құрметтеуге, жарыстар барысында достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Осы 3 жыл жұмыс ішінде колледж студенттерімен әртүрлі спорттық жарыстарға шығып жүлделі орындармен қоса жарыстың жеңімпазына да қол жеткіздік. Ұл-қыздарымыздың спортқа деген қызығушылығы мен құштарлығы — осы жетістіктердің ең басты қасиеті.
Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қыздары арасында өткізілген волейбол жарысында колледжіміздің қыздары 2-ші және 3-ші орындарды иеленді.
Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қыздары арасында өткізілген баскетбол жарысында колледжіміздің қыздары І орын иеленді. Женедилова Аида «Үздік ойыншы», Утарбаева Гүлсара «Үздік қорғаушы», Турашева Диляра «Үздік шабуылшы» номинацияларына ие болды.
Осы жарыстан кейін колледжіміздің студенті Женедилова Аида Ақтау қаласындағы «Каспий» профессионалды баскетбол клубына ойыншы ретінде ауысты. Аида «Каспий» ПБК-да ойнап жүріп ҚР-ның әйелдері арасындағы чемпионатында ІІІ орын, Республикалық Студенттер арасында жарыста І орын, ҚР-ның әйелдер арасында чемпионатының кубогінде І-ші және ІІІ-ші орын иегері атанды.
Ауған жерінен совет әскерінің шығарылуына байланысты «Ауған соғысы ардагерлерін» еске алуға арналған облыстық волейбол жарысында колледждің қыздары ІІІ орын алды.
«Қазақстан Студент Қыздары Футзал Лигасы» Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы және Маңғыстау Облысы Футбол Федерациясының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қыздары арасында өткізілген футзал жарысында колледжіміздің қыздары 2-ші және 3-ші орындарға ие болды.
Осы жарыс барысында колледжіміздің студенті Турашева Диляра «Үздік шабуылшы» номинациясына ие болды.
Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қыздары арасында өткізілген тоғызқұмалақ және шахмат жарыстарында колледжіміздің құрама командасы тоғызқұмалақтан командалық І-ші және шахматтан командалық ІІ-ші орындарды иеленді.
Өмірде спортты серікке алу арқылы біздер көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Ең бастысы өзімізге жақын достарды кездестіреміз. Әртүрлі жарыстарға қатысу арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз, яғни жүлделі орындар мен жеңімпаз атанамыз.
Спортты өмірлік серігіне алу арқылы ең алдымен адам баласы қандай да бір спорт түріне өзін ыңғайлысына қарай бейімделе бастайды. Әрбір спорттың өзінің ерекше жаттығулары болады. Қазіргі кезде спорттың түрлері көп. Олардың қатарына спорттық, ұлттық, қозғалмалы ойындар, отырып ойнайтын ойындар да кіреді. Олар: тоғызқұмалақ, бестемше, мангала, шахмат, дойбы ойындары қатарды толтыруда.
Спорт – денсаулық кепілі демекші, спортпен шұғылданың, шынығың, денсаулықтарыңды күтіңдер!