Джумагамбетова Зоя Султанбаевна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласындағы
«Каспий» педагогика және салалық
технологиялар колледжінің
арнайы пән оқытушысы
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн, оффлайн және кең таралған үшінші түрі вебинар
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Әрине, құрметті оқырман, мен сіздерге лекция оқығалы отырған жоқпын. Бұл — қашықтықтан оқытудың анықтамасын еске түсіріп алып, осы тұрғыда қалай жұмыстанып жатқанымды таныстырғалы отырмын.
Елімізде жарияланған карантин жағдайы өзім сияқты мұғалімдердің алдына үлкен мәселе қойды, қалай оқыту және қалай кері байланыс алу.
Колледж студенттерімен қашықтықтан оқыту барысында біз оффлайн режимде ақпарат алмасып отырдық. Оқыту Edus платформасында жүзеге асып, тапсырма сабақ кестесі бойынша топтағы барлық студенттерге беріліп отырды және студенттер өз кезегінде жауап жазып отырды. Қазіргі таңда интернет желісі арқылы барлық сұрақтарға өз деңгейінде жауап алуға болады. Сондай-ақ студенттеріміз де осы интернет желісіндегі дайын жауаптарды алмай, оқытушымен бірге түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, жаңа материалды меңгеруінде, толық түсінуіне және өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі таңдағы оқыту мәселесі мені көп ойландырып және ізденуге мәжбүрледі. Мен студенттеріме онлайн және вебинар режимде білім беруді ұйымдастыруды көздедім. Іздену нәтижесі мені Нұрлан Жаңайдың ұйымдастырған «Онлайн педагог» марафонына кездестірді. Бұл марафон барысында педагогтың жаңа бейнесімен таныстым, яғни, оқушыға қашықтықтан оқытудың бір формасы болған, вебинар сабақты ұйымдастырудың қыр-сырымен таныстым. Сондай-ақ «Google» платформасының мүмкіншілігімен танысып, қазіргі күнде өз жұмысымда кеңінен қолданудамын. Бұл менің қашықтықтан оқу курстарымның бастапқысы еді, келесі танысқан Оралхан Омаровтың ұйымдастырған «B:USTAZ» клубының «Ұстазға пайдалы 20 креативті құрал», «Қалыптастырушы бағалаудың 20 заманауи құралы» тақырыбындағы курстары еді.
Бұл әрбір курс қашықтықтан отырып оқушылармен, студенттермен түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы сабақ тақырыбын толық ашуға мүмкіндік берумен бірге кері байланыс алуға толық жағдай жасайды.
Мысалы:
— Ынталандыру арқылы бағалау құралдары;
— Викторина арқылы бағалау құралдары;
— Сараптау арқылы бағалау құралдары;
— Пазылдар құрастыру арқылы бағалау;
— Дәстүрлі тесті заманауи жасап жолдарымен танысып алдым.
«Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз»,- демекші, әріптестерімді осы сияқты курс, вебинар және трениингтердің белсенді тыңдаушысы болуға шақырамын.
Қазіргі таңда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты қашықтық режиміне сай жасауын талап етеді. Сабақты осы талапқа жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің креативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлексиялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуда өзінің тәсілін қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған.
Қорыта келгенде айтарым–осындай қиын жағдайда оқушыларымызға толыққанды білім, білік, дағдыны беру мен оны ұйымдастыруда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу, техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі дайындықты талап ететін мәселе болып табылады.
Ж.Ж.Руссо «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
-дегеніндей, уақытымызды аямай оқып үйренуміз және үйретуіміз керек.