Home » Мақалалар » Бітіруші түлектердің дипломалды практикаларын ұйымдастыру жолдары

Бітіруші түлектердің дипломалды практикаларын ұйымдастыру жолдары

  Шулеева Нұргүл Өтегенқызы
«Каспий» педагогика және салалық
технологиялар колледжі директорының
 оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары

 

Дипломалды практиканың бірден-бір міндеті – студенттердің оқу процесінде алған білімін жинақтап қорыту және практикалық дағдысын кемелдендіру, өндірістің озат технологиясымен, кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, экономикасымен тікелей танысып, таңдаған мамандығы бойынша ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетін жетілдіру және дипломдық жобаның материалдарын жинау, әзірлеу.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бітіруші түлектерін кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік серіктестіктердің болашақ мамандарға қойылатын талаптарын ескере отырып, оқу жылының басында жасақталған кесте бойынша II-IV курс студенттерінің оқу-өндірістік практикадан өтуіне базалық мекемелермен жыл бойы қала мектептерімен, балабақшаларымен тығыз байланыс жасалып отырады. Әлеуметтік серіктестіктер өндіріс талабына сай, білім алушыға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальдық оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық бағдарламаны, оқу бағдарламасын дайындауға және оқытушыларды тағылымдамадан өткізуге қатысады. Оқушының кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілікті тағайындау үшін құзырлы мамандар мемлекеттік емтихан комиссиясы мүшесі ретінде қатысады. Студенттер осы әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірибені ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны меңгереді және  жұмыстар жасайды. Оқу орнын бітіруші жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Осы орайда оқу-өндірістік практика бөлімімен қоса, оқу-әдістемелік кабинет және арнайы пән оқытушылары практика базаларын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Әрбір оқу жылының басында білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған база ретінде (мамандықтар бойынша) және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін базалық мекемелер дайындалып, келісім-шартқа отыру шаралары қарастырылады. Сонымен қоса, кәсіптік практикаға және материалдық-техникалық базаға басшылықты жүзеге асыру үшін білікті кадрлары бар ұйымдар анықталады. Оқу практикаларының базасы оқу орындары, оқу шеберханалары, зертханалар, тәжірибе шаруашылықтары, колледждің басқа оқу-көмекші бөлімшелері болып табылады. Білім беру бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарлары мамандықтарға тиісті жұмыс беруші мекеме басшыларымен келісіліп бекітіледі. Өндірістік практикадан өтетін топтарға арнайы пән оқытушыларынан алдын-ала бекітілген практика жетекшілері практикада жүрген студенттердің тәлімгерлерімен, мекеме басшыларымен, әдіскерлерімен үнемі тығыз байланыста болып, студенттерге әдістемелік көмек беруге әртүрлі кеңестер өткізіп отырады.

Сонымен қатар, өндірістік тәжірибеден өтетін әр топқа бекітілген тәжірибе жетекшілері бұйрық бойынша білім алушыларды жолдамаларымен өндіріс орындарына апарып тапсырып, бекітілген орындарына орналастырып, жоспар бойынша тапсырмаларын беріп, уақытында байқау және сынақ сабақтарына, тәрбие сағаттарына әдіскерлері және тәлімгерлерімен бірге қатысып,  өткізген жұмыстарына талдау жүргізіп, олардың жетістіктері мен жіберген кемшіліктерін талдап, ұсыныстар беріп, тиісті бағаларын қойып отырады.

Дипломалды практикадан өткеннен кейін оқу орнында алдын-ала жасақталған жоспар бойынша, практика жетекшілерінің ұйымдастыруымен қорытынды-конференция өткізіледі.

«Дипломалды практикасының» қорытынды конференциясын өткізу мақсаты – студенттердің колледжде алған теориялық білімдерін, өндірістік практикада көріп жинаған тәжірибелерін ортаға салып, таңдаған кәсібін қаншалықты дәрежеде игергенін бағалау, алған өз білімдерімен іске асырып, жұмысқа орналасуына бағыттау. Жыл басындағы дайындалған оқу-өндірістік практика жоспары бойынша өндірістік практикадан өтіп келген білім алушылар арасында конкурстар мен сайыстарға келетін болсақ, II-III-ші курс студенттері арасында «Үздік практикант» конкурсы өткізіліп, әр топтан үздік практикант және үздік топ анықталды.

«Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша 2 МДТ, 3МДТ, 4МДТ топтары арасында желтоқсанның 12-сі күні «Тәрбиеші болу – бір бақыт сайысын» өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты: болашақ тәрбиешілердің кәсіптік білімдерін, педагогикалық шеберліктерін шыңдау, оларды бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлау. Сайыс алдын-ала дайындалған шарттары бойынша өз деңгейінде өтті. Сайыс» қорытындысы бойынша, 4МДТ-1 орын, 3МДТ-2 орын, 2МДТ-3 орын және номинациялармен марапатталды.

Былтырғы оқу жылында «Worldskills Aktau» өңірлік чемпионатына

5 студентіміз қатысып, олардың екеуі Ж.Тоқтабаева және Д.Турашева жүлделі орындарды иеленді. Биылғы оқу жылының 27 ақпан күні өткен сайыста бес құзыреттілік бойынша жеңімпаздар анықталып, қыркүйек айында өтетін облыстық «Worldskills Aktau» өңірлік чемпионатына қатысуға бел байлап отыр.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.