Қали Әйгерім Ерланқызы
Алматы қаласы Алатау ауданы
№1 бөбекжай-балабақшасы
Бала деген бір бақыт! Балаларды қорғау күні
Бүкіл әлемде 1 маусым күні Балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау күні олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Бұл мереке балалардың асыға күтетін мерекесі. Себебі,жыл сайын бұл мерекеде бүлдіршіндерді қуанту үшін іс-шаралар өткізіледі. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Осы ұстанымды алға тарата отырып Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алатау ауданы №1 бөбекжай-балабақшасыда «Балаларды қорғау» күніне арналған іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара әрине балабақша басшысының құттықтау сөзінен басталды.
«Балалар бүгін сендердің мерекелерін. 1 — маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау дегеніміз — әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей балапандар, бүгін мереке, бүгін мейрам сендер үшін. Сендер бейбіт өмір сүрсе екен, сендердің жүректерінді қайғы мұң шалмаса екен деп ата-аналарын бар мейірім махабаттарын сендерге төгеді. Соны бағалай білейік.
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз»
Құттықтау сөзден басталған іс-шара әр топтың жазғы ауласында ұйымдастырылған мерекелік сайыстар және ойындармен жалғасты. Көңілді күлкіден, сыңғырлаған сүйкімді дыбыстар, көңілді әуен балабақша ауласын жайлап кетті. Эстафеталық ойындар, доминодан жарыс, мергендер, «Angry Birds» ойыны, көңілді смайликтер ересек топ балаларын бірден баурап алды. Ал кішкентай топ балалары өздерінің қандай шығармашыл жан екендерін сурет салып көрсетті. Буратина мен Фиксик балалармен бірге сайыстарға қатысып өте көңілді күнді флешмоб биімен аяқтады. Балапандардың қуанышында шек болмады. Балаларды қорғау күніне арналған іс шарада №1 бөбекжай-балабақша қызметкерлері балапандарына осындай көңіл күй сыйлады. Жүздерінен күлкі кетпей, бақытты сәттерін көп болсын, балақайлар