Home » Жаңалықтар » Қашықтық далалық оқу жиындары

Қашықтық далалық оқу жиындары

Павлодар облысының мектептерінде 11 мамырдан бастап 10-сынып ер балаларымен далалық оқу жиындарын қашықтықтан өткізу басталды.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің бағдарламасына сәйкес, далалық оқу жиындары 2019-2020 оқу жылының аяғында қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде 30 сағат көлемінде өткізілуі жоспарланған болатын. Осы жиында оқушылармен тактикалық, саптық, топографиялық, атыс дайындығы және Қарулы күштердің жарғы тараулары бойынша сабақтар жүргізілмек.

Жиынның қортындысы оқушылардың сынақ тапсыруымен аяқталады. Облыс бойынша далалық оқу жиынында 2026 оқушы қамтылды.

 

Ата-аналармен онлайн-форматта кездесу

          Жақында білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімі балабақшалар мен шағын орталықтардың педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ата-аналарымен дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс түрлері» тақырыбында онлайн режимде дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен қарым-қатынас және ынтымақтастық түрлерін қарастырды.

Павлодар ауданының «Аяла» балабақшасының тәрбиешісі Г. Орынбасарова, Железин ауданының №1 ЖОМ жанындағы «Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі Н.Ю.Чабанова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ата-аналарымен дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс түрлері туралы бөлісті.

Ата-аналарды балалармен бірлескен білім беру қызметіне тиімді әлеуметтендіру технологиясы негізінде қосуды қатысушылар Железин ауданының №1 ЖОМ жанындағы «Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі Б.С.Мұсабаеваның және Успен ауданының «Балапан» сәбилер бақшасының тәрбиешісі Н.К. Кабиеваның жұмыстарынан көре алды.

Успен ауданының «Балапан» сәбилер бақшасының тәрбиешісі М.А. Уахова «Әлемдік кафе» фасилитация тәрбиеленушілерінің отбасыларымен өзара қарым-қатынастың заманауи түрін ұсынды.

«Педагогтар-балалар-ата-аналар: көптілділік жағдайында отбасымен жұмыс істеу формалары» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі туралы Екібастұз қаласының №6 «Алтын балық» көптілді дамыту орталығының педагог-психологі Г. Ю.Голубева айтып берді.

«Өздігінен оқшаулану кезеңінде баланы үйде немен қамту қажет?» тақырыбында Шарбақты ауданының Сосновка ЖОМ жанындағы «Домовенок» шағын орталығының тәрбиешісі И.Н.Гетьман баяндады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл жұмыс дербес тәжірибеде жаңа тиімді формалар мен тәсілдерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Облыстық білім беру бөлімінің сайтынан алынды.

Айгүл МОЛДАШ,
«BILIM AINASY» газеті,
Павлодар қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.